Жансай Смағұлов Тунистегі Гран-При турнирінде алтын жүлдеге ие болды (видео)

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Тунисте өтіп жатқан халықаралық Гран-При турнирінде жеңімпаз атанды. Отандасымыз финалда Косово елінің дзюдошысы Акил Кгожаковты иппонмен жеңді.

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

73 кг-ға дейінгі салмақта белдесетін Жансай жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Ол ширек финалда француз Акус Бенджаминді, жартылай финалда ирандық Мұхамед Мұхамедиді жеңіп шықты. Финалда косоволық спортшыдан айқын айласын асыра білді.

Айта кетейік, Тунистегі Гран-При турнирінің бірінші күнінде Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Ерлан Серікжанов (66 кг) қола жүлдегер атанған еді.

Оқи отырыңыз: 

Геннадий Головкин әлемдегі ең қайсар боксшы атағына ие болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар