Қазақстандық биатлоншыларды тағы да допинг қолданды деген күдікке ілінді

Бүгін таңертең Италия полицейлері Антхольц қаласында жарысқа қатысып жатқан биатлоннан Қазақстан құрамасының орналасқан мекен жайында тінту жүргізді, деп хабарлайды Халықаралық биатлоншылар одағына (IBU) сілтеме жасап Stan.kz.

Халықаралық биатлоншылар одағы 2017 жылы Хохфильценде  өткізген Әлем чемпионатына байланысты Австрия қылмыстық органдары жүргізген тергеу нәтижесі бойынша және Больцано прокурорының ордеріне сәйкес, италиялық полицейлер тінту жүргізді. Тыйым салынған препараттарды іздеген полицейлер биатлоннан Қазақстан құрамасы орналасқан мекен жайы және олардың көліктері тексерді. Жүргізілген тінту нәтижесі әлі белгісіз.

Ал Халықаралық биатлоншылар одағы тінту нәтижесі алынғаннан кейін ғана ресми түрде тексеріске кіріседі.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жолы Еуропаның жанар май құю бекеттерінің бірінде қоқыс  жәшігінен қазақстандық спортшылардың құжаттары мен дәрі-дәрмектердің қалдықтары табылған еді. Мұнан кейін құрамаға тінту жүргізілді.

Қазіргі уақытта Италияның Антхольц-Антерсельва елді мекенінде биатлоннан әлем кубогының алтыншы кезеңі өтіп жатыр. Жарыста Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы сынға түсуде.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық дзюдошылар Тунисте өткен Гран-При кезеңінде қола жүлдеге ие болды

Бұрынғы әлем чемпионы: Головкин боксшы ретінде дамып жатқан жоқ

Даяшының Головкин жайлы сұрағы атақты бапкердің жүйкесіне тиді

Марафонда дәретханаға тығылып чемпион атанған спортшы спорттан қуылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар