Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы әлем чемпионы: Головкин боксшы ретінде дамып жатқан жоқ

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Дмитрий Пирог (20-0, 15 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді сынға алды. Бұл туралы Prosports.kz жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

“HBO Головкиннен құбыжық жасады. Телеарна да, сарапшылар да оны әр жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтайтын құбыжыққа теңеді. Тіпті, Майк Тайсонның жас кезіне ұқсатты. Оның мексикалық мәнерде жұдырықтасатынын айтты. Бірақ менің байқауым бойынша, Гена бұл образға кіріп кеткені соншалық, барлығы психологиялық тұрғыда жұмыс істейді.

Головкин, өкінінше қарай, боксшы ретінде дамып жатқан жоқ. Өз басым мұны көрмедім”, — деді Дмитрий Пирог ресейлік тілші Владислав Усачевтің YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда өтеді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Дмитрий Пирог Қазақстанда Головкиннен басқа кімді мойындайсыз деген сұраққа былай деді:

“Кеңес үкіметі кезінде қазақтар бокстан тек қана жақсы нәтижесімен ерекшеленетін. Қазақстарды басқалардан жақсы дайындығымен, мектебімен, шыдамдылығымен ажыратуға болады. Вэл Баркердің кубогін жеңіп алған қазақстандық боксшы Василий Жиров жақсы жігіт…”

Даяшының Головкин жайлы сұрағы атақты бапкердің жүйкесіне тиді

Марафонда дәретханаға тығылып чемпион атанған спортшы спорттан қуылды

 

Головкин-Альварес жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам анықталды

Мұхамеджан Тазабек: Головкин біздің балалардай емес, миллиондарды кешіп жүргеніне қарамай тым қарапайым екен

Талқылау