Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дизайнерлер күз-қыс маусымына ұсынатын сән үлгілерін көрсетті

Kazakhstan Fashion Week күз-қыс маусымына дайындаған топтамаларын 19 сәуірде көрсетпек. Сән көрсетліміне Грузия, Ресей, Өзбекстан, Украина және Қазақстан өкілдері қатыспақ. Әзірге ешбір елдің дизайнерлері де топтамаларының қай бағытта, қай стилде болатындығына қатысты тіс жармады.

92466be4111238dd7259e2ee371c234c

Бұл туралы Экспресс К баслымы хабарлайды.

Әзірге қазақстандық сәнгерлердің өнімдерін шамамен былай тұспалдауға болады. Ольга Ким мен Ирина Байжанова ханымдарға арнап тәуелсіз топтамалар дайындаған. Ар Ерлан Жолдасбек керағар түсті маталар мен үлгілер ұсынбақ. Жарқын Баймаханов қара түстен бас тартып, күз-қыс маусымына алтын мен қар түсі араласқан киімдерді көрсетуі мүмкін.

Сондықтан, алдағы маусымдарда қандай киім үлгілері сәнге айналарын білу үшін, Kazakhstan Fashion Week көрсетілімін жіберіп алмау маңызды. Дүкен аралағыш адамдар үшін де бұл сән көрсетілімі аясында түрлі аксессуарлар жиынтығы да ұсынылмақ.
Алекс ЧЖЕН

144
Алена ПОЛЯНСКАЯ

92466be4111238dd7259e2ee371c234c

 

Талқылау