Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бойжеткен Отанға деген махаббаты үшін Италиядағы саяси мансабынан бас тартты

Қазақстан азаматшасы Диана Эспозито туған жерін ерекше құрметтейді. Атырауда туған ол бірнеше жыл бұрын Қазақстанға көшіп келген.

Италияда тұрған қазақстандық қызға саясаткер болу ұсынысы түскен. Алайда бойжеткен Қазақстан азаматтығын ауыстырғысы келмепті, деп жазады bnews.kz.

«Италияда қоғамдық жұмыстарды, кәсіпкерлікті белсенді атқарған соң саяси мансап жолына келуге ұсыныс айтты. Алайда ол үшін Қазақстан азаматтығынан бас тартуым керек болды. Бірақ мен бірден бас тарттым», дейді Диана.

Диана қайда жүрсе де қазақ мәдениетін, дәстүрін таныстырып жүретінін айтады.

«Қай елде жүрсем де, Қазақстанның туын ұстап жүрем. Мәдениетімізді, толерантты ел екенімізді айтып жүрем. Қазақ болып туғаныма мақтанам», – дейді ол.

Диана шетелде қонақүй ісін жүргізіп, модельер болған. Оңтүстік Италияда турлар жүргізеді. Енді Қазақстан бойынша осыған ұқсас жоба жасамақ.

Тағы да оқыңыз:

Анасы: Илья Ильиннің не себепті ажырасқанын айтты

Қытай елшісі қысым көрген қазақтар жайында: Біздің ішкі жұмысымызға араласпауды сұраймыз

Құл-Мұхаммед: “Нұр Отанның” қатарына абырой әкелетін, беделді азаматтар ғана қабылданады

Талқылау