Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы қыз өзіне тиіспек болған мас ер адамды нокаутқа түсірген

Кәсибі рингте сынға түскен Фируза Шарипова “Время” газетіне берген сұхбатында боксерлік әдістерін өмірде де қолдануға тура келген жағдайларын айтып берді.

img

“Мен күйеуіммен бірге жаңа жылдық кештен үйге қатып келе жатқам. Жолда бізге екі ер адам тиісті. Күйеуім олардың бірін, мен екіншісін ұрып нокаутқа түсірдім”, – дейді 22 жастағы қыз.

Фирузаның күйеуі Денис те бұрын бокспен айналысқан. Сондықтан үйдегі ұрыс-керістің соңы рингтегідей төбелеске ұласады деп қалжыңдайды спортшы қыз.

“Барлық проблемаларды ұрыс болмау үшін алдын ала сөйлесіп шешіп аламыз, ал спаррингтер жаттығу үшін керек”, – дейді Шарипова.

24 қыркүйекте  Фируза Латвия чемпионы Кристина Копанемен жекпе-жекке шығады. Жекпе жек Алматыда өтеді.


Жіберіп алмаңыз:

Ильиннің салмағында медаль алған Лондон олимпиадасының үш жүлдегері де допинг дауына ілікті

Ол мінезді боксшы. Тищенко Левитке алғысын білдірді

Қазақстанның ең бай спортшылары белгілі болды

Талқылау