Қазақстандық балуан Олимпиада алдында есімін өзгертті
Еркін күрес бойынша Қазақстан құрамасы атынан шығатын Тыва Республикасы Чадан қаласының тумасы Артас Санаа есімін өзгертті.

Осылайша, Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада Нұрислам Санаев қазақтың көк байрағы үшін сынға түсетін болады.
«Артас Санаа Қазақстан азаматтығын алып, ислам дінін қабылдаған соң, есімін өзгерту туралы шешім қабылдаған. Енді Нұрислам Санаев Риодағы Олимпиада ойындарында еркін күрес бойынша 57 келі салмақта еліміздің намысын қорғайтын болады», – деп хабарланды Вконтакте желісінде Kazakhstan Wrestling Online.
Жаңартылған әлемдік рейтингте спортшының сегізінші орында тұрғанын атап өткен жөн.
Байрамуков: Олимпиадаға кім баратынын күресті түк білмейтін су добы шеберлері шешіп отыр
Астаналық азамат Риоға баратын боксшыларды үйінен дәм татқызып, батасын берді (фото)
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған