Байрамуков: Олимпиадаға кім баратынын күресті түк білмейтін су добы шеберлері шешіп отыр

Жұма, 15 Шілде , 2016 9:36

Қазақстандағы еркін күресте үлкен дау өршігелі тұр. Аслан Кахидзені қатарынан үш жыл бойы жеңіп келген Әділет Давлунбаев Олимпиадаға жолдама алмаған. Оның орынына 86 келіге дейінгі салмақта Кахидзе Риоға барады.

83df34cad30ee7978d188ab0414

Сурет kapital.kz

Бұл туралы “Караван” басылымы хабарлайды.

Бұл сенсациялық шешімді құрамында бір де бір балуан жоқ бюро қабылдаған. Олардың шешімімен бас бапкер, екі дүркі олимпиада чемпионы ресейлік Сергей Белоглазов та оңай келісе салыпты.

y9mmCMjaUEY

Сурет vk.com: Қызыл формадағы Аслан Кахидзе

Давлунбаевтың жасы 28-де. Өзі Жамбыл облысындағы Ислам Байрамуков атындағы спорт мектебінің түлегі екен.

“Мен Әділет үшін қатты уайымдаймын. Мәселе менің мектебімнің тәрбиеленушісі болғанында емес. Біздің еркін күресте олимпиадаға іріктеу кезінде жүйе әділетті қалыптаспай келе жатыр. Мысалы дзюдошыларды әлемдік рейтингтегі дәрежесіне қарап бағалайды. “Классик” балуандарда да солай: Кебіспев, Қартықов, Тынәлиевтермен ешкім дауласпайды. Ал бізде басқаша. Бір жыл бұрын Давлунбаев Махачкаладан жүлде алған жалғыз қазақстандық болды. Ал ол жақта өте мықты дағыстандық, осетин балуандар шығады. Кахидзе, Давлунбаев, Дәулетбековтер бір топта болды. Бірақ, ішінен тек Әділет ғана жүлде алды. Бір айдан соң ол Асланды Астанада жеңіп кетті. Онда да кездесудің болуын мен талап еттім. Ал сол кезде әлем чемпионатына барғалы жатқан Кахидзе 10:0 болып жеңілді”, – дейді Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері.

14_318

Сурет vk.com: Көк формадағы Әділет Давлунбаев

Ал бас бапкер Белоглазов болса Әділетке олимпиада ойындарына бару үшін, оның Кахидземен жеке кездесуінде шешілетінін айтыпты.

“Осыдан соң қызық жағдай басталды. Бізге лицензиялық турнирде Кахидзенің күресетінін хабарлады. Менің ол жігіт пен бапкеріне қояр кінәм жоқ, бірақ, бұл қызық шешім болды. Белоглазов болса мұндай қадамға бір ғана себеппен барғанын айтты: ол екі балуанды да тексеріп көрмек екен және лицензия иелену ешкімге басымдық бермейді. Бұрынғы балуан ретінде менің түсінгенім, ал кенет көшбасшы спортшы жарақат алып қалса, оны ауыстыру керек болады ғой? Сондықтан бұл шешімді біз қанша дегенмен елдің намысы тұр ғой деп түсіністікпен қабылдағанбыз. Ал жуырда ғана Олимпиадада Кахидзе күреседі дегенді естідім”, – дейді Байрамуков.

Ал ең қызығы мұндай шешімді бас бапкер емес, құрамына “ватерполшы” (су добы шебері), “теміржолшы” және мүлде басқа спорт түрінің өкілдері кіретін комиссия қабылдапты. Еліміздегі саусақпен санарлық еркін күрестен олимпиада жүлдегерлері де бұл комиссияға кірмеген. Ал Ислам болса, неліктен осындай маңызды шешімді күресті білмейтін адамдардың қабылдайтындығын түсіне алар емес.

“Егер бір салмақта екі мықты болса, онда оларды өзара күрестіріп, қай жеңгенін олимпиадаға жіберу керек. Басқаша ешқандай жаңалық ойлап табудың қажеті жоқ. Дортмундта мысалы Кахидзе мен Әділет күресіп, Әділет 6:2 есебімен жеңіп кетті. Естуім бойынша, біздің федерация Германияға хабарласып, сол екі спортшының бір-біріне түсіп қалмауын сұрап өтініш білдіріпті”, – дейді балуан.

асв

Жалпы, Әділет Кахидзенің жауырынын үш рет жер иіскеткен (16:4, 10:0, 6:2). Бірақ, бас бапкер бәрібір Кахидзе мықты деп алған беттен қайтар емес.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    он же мешок.что он потерял на олимпиале .какая польза от этого грузина

  • Анонимно says:

    Продажные люди .нет слов

  • Анонимно says:

    Тренерді отставкаға

  • Анонимно says:

    Мықтысын апару керек Ислам аға дұрыс айтады.
    Не болып кетті сонғы кезде ҚР спортында бəрі чиновниктар немесе спорттан хабары жоқ адамдар.

  • Анонимно says:

    Таң қаларлық тұрлыханов ай қарап отырма осыны шешпеге нде нени шешеди

  • Анонимно says:

    Спорттан хабары жок тар шешкен болмайды гой. Немесе Грузия диаспарасы акша усынып отырган болгар.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар