Астаналық азамат Риоға баратын боксшыларды үйінен дәм татқызып, батасын берді (фото)

Сәрсенбі, 27 Шілде , 2016 10:11

Астанада соңғы жаттығуын пысықтап жатқан бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын елордадағы белсенді азаматтардың бірі Тәубежан Айтілеуов үйіне шақырып, алдарына ақ дастархан жайып, батасын берді.

13782105_1043610915723849_3448603407257189414_n

Бұл туралы белгілі журналист Мәди Манатбек өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында жазды.

13872834_1043610692390538_5418709330967978096_n

Онда “Бүгін бокстан ұлттық құрамамен басқосудың сəті түсті. Əдеттегідей Тәубажан Айтілеуов досымыздың шаңырағында. Осы кеңдігінен біз Тəукеңді атымтай жомарт атап кеткенбіз. Бүгін де жомарттық жолынан жаңылмаған Тəукең қазақтың күрзі жұдырық кəсіпқой боксшысы Қанат Ислам мен жаттықтырушысы Нелсон Лопеске шапан жауып, арғымақ мінгізді. Құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, жаттықтырушылар Марат Жəкиев пен Марат Елеусіновке де тұлпар сыйлады. Қызды-қыздымен айтыскер ағамыз Аманжол Əлтай, Олимпиада чемпионы Серік Сəпиевке арғымақ мінгізіп, ұлттық құрамаға жыр арнауын жеткізді. Олимпиадашыларға да сыйлықтар үлестірілді. Белгілі дінтанушы, ғалым, қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлы мен айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы ақ жол тілеп, баталарын берді”, – деп жазылған.

20160727090319

13606439_1043610732390534_542720505573009354_n

13627210_1043610842390523_926370943901827008_n

Сондай-ақ, Тəукеңнің үйіндегі қонақасы мейрамханадағы өтетін тойдан еш кем болмағанын да атап өтеді.

20160727090323

“Жеңімпаздың атасы көп демекші, Олимпиада үздіктерін күтетіндер көптеп табылады. Ал жарыс алдында батырлардың басын қосып, сый-сияпат көрсетудің жөні бөлек. Біз де спорт майданы – Олимпиада ойындарына толық құрамда жолдама алған боксшыларымызға ақ жол тілейміз! Зілтеміршілеріміздің есесін сіздер қайтарыңыздар! Он салмақтың онында да жүлдеге ілігіп, Вал Баркер кубогы тұтас қазақ құрмасына беріліп, айды аспанға бір-ақ шығарыңдар! Көк байрағымызды желбірете беріңдер!” – деп тілек білдірген Мәди Манатбек.

13770295_1043610705723870_7817778689839390766_n

13775612_1043610709057203_9167113901626507996_n

13782105_1043610642390543_5938002770576298826_n

13782193_1043610635723877_3837497485375131097_n

Еске сала кетсек, Риодағы олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құрамда, яғни, 10салмақ дәрежесінде қатысады.

Рио шаршы алаңында атой салатын боксшыларымыз:

48 келі – Біржан Жақыпов

52 келі – Олжас Сәттібаев

56 келі – Қайрат Ералиев

60 келі – Берік Әбдірахманов

64 келі – Абылайхан Жүсіпов

69 келі – Данияр Елеусінов (команда капитаны)

75 келі – Жәнібек Әлімханұлы

81 келі – Әділбек Ниязымбетов

91 келі – Василий Левит

91+ салмақта – Иван Дычко

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Айгүл says:

    Боксшыларымызға ақ жол тілейміз!Еліміздің көк байрағын Рио аспанында желбіретсін!

  • Анонимно says:

    Әділбек АЛҒА!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар