Қазақстандық әже туған немерелерін тегін қараудан бас тартты

Бейсенбі, 20 Қазан , 2016 13:28

63 жастағы қазақстандық әже туған немерелерін қараудан бас тартты. Десе де, балалары ақша төлеген жағдайда қарауға келісетінін де жасырмады.

73375

Фото: fotokto.ru

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Айзада Шайзадақызы немерелерін баққысы келмейді және әркім өз баласын қарауы керек деп есептейді. Жеті немеренің әжесі 63 жаста. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Жолдасы ерте қайтыс болғандықтан, бір пәтерде жалғыз өзі тұрады.

“Немерең болып, ұрпағыңның жалғасқаны жақсы. Олардың тәтті болатыны да рас. Балаларыма берілген тәрбиемнің немерелеріме де берілгенін қалаймын. Бірақ мен арқылы емес. Менің ойымша, ата-әже баққан бала жан-жаққа жалтақтап өседі. Туған шешесіне басқаша, кемпірге басқаша қарайды. Өзім бір пәтерде жалғыз тұрамын. Немерелеріме де барып, мейірімімді төгемін. Оларды аптасына бір рет немесе екі аптада бір рет қана көруім мүмкін. Қазіргі заманда немерелер түрлі үйірмеге қатысады. Олардың бос уақыты жоқ. Әсіресе, Астана қаласында балалардың дамуына көп жағдай жасалған. Ал қиын жағдайды Алла басқа салмасын. Мұндайда мен көмектесуге әзірмін. Келіндерімнің өтінішімен бала қарап, жұмысқа бармайтын күндерім де болады. Неге қалмасқа? Ол менің туған немерем ғой”, – дейді Айзада ханым.

“Ұлыңыз келіп “Сіз шаршаған шығарсыз, мен сіздің жағдайыңызды жасаймын. Екі немереңізге қарап отырыңызшы” десе, келісесіз бе?” – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

“Жалақымның қанша екенін айтпай-ақ қояйын. Өзіме жетеді. Менің құрбы-құрдастарым мен жора-жолдастарым бар. Мысалы, құрбымның құдағиы құрбымның қызына қарайды. Олар әлгі кісіге ай сайын 50 мың теңге төлеп тұрады. Мұны құдағидың адал еңбегі деп білемін. Екінші жағынан қазір зейнетақы тым аз. Келін де осылайша өзінің туған шешесіне көмектесіп жатыр. Осы секілді мысалдар көп. Онда тұрған ешнәрсе жоқ деп ойлаймын. Сол секілді мен де кетары емеспін. Өзіңнен туған бала болған соң, қарайсың. Үлкен ұжымда жұмыс жасағандықтан, түрлі жағдайдың куәсі боласың. Тағы бір құрбымның үлкен баласы анасын баққан адамға ай сайын ақша беріп отырады. Яғни “Маған қыз ба, келін бе, немере ме бәрібір. Шешеме жақсылап қарап берген адамға ай сайын 50 мың теңге беріп отырамын” деп айтады. Өмірдің өзі дамылсыз өзгеріп жатыр. Мұны да дұрыс ұсыныс деп білемін. Ақша берсе, бөтен адамға емес, туған шешесіне беріп жатыр. Ең бастысы, бала сол берген ақшасын міндет қылмасын.

Бұл жерде ақшаны емес, керісінше ананың адал еңбегін ауызға алу керек. “Жұмақтың кілті ананың табанының астында” деп бекер айтпаған. Балалары немерелерін бағуға келіскен аналарына рахмет айтсын. Мен секілді жұмыс істеп, қоғамға араласқысы келетін әжелер көп. Депутат болып сайланамын дегендер де бар. Білім бар жерде тірлік те болады. Өзім әжемнің қолында өстім. Сол нәрсе менің тағдырыма қатты әсер етті. Өмірінің соңына дейін анамды өз атымен атап өттім. Өйткені, мені кемпір асырап алды. Ол кісі “Аналар бір төбе, менің Айдашым бір төбе” деп ұстайтын. Әлі күнге дейін шешемнен гөрі, әжемді аңсап тұрамын. Анамның мен үшін кім болғанын әлі күнге дейін түсінбеймін. Мұнымен қатар, мен ешкімнің ішкі жағдайына, ішкі мемлекетіне қол сұқпаймын. Кезінде менің отбасылық өміріме араласқан адамдар болды. Мен өз кезегімде сол қателікті қайталағым келмейді”, – дейді Айзада ханым.

Әженің бұл сөздері бағдарламаға келіп отырған Ұлықпан мырзаны қайран қалдырды. “Бұл ойыңыз қазақы менталитетімізге сай келмейтін сияқты. Белгілі бір менталитеміз жоқ деп те айтып отырсыз. Өзіміздің ұлттық болмысымызды жоғалтып аламыз ба деп қорқамын. Сіз айтып отырған ақшаны балалары айлық демей-ақ беруге болатын сияқты”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне неліктен кешірім бергенінің себебін айтты

22 жастағы алматылық ару қалталы азамат іздейтінін айтып өзін саудаға шығарды (фото)

Қазақстандықтар туыстарының үйінде айдан артық қона алмауы мүмкін

Алматы облысының тұрғыны өзін зорлаған жігітке тұрмысқа шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 15 күні кері

Бул киси бурыннан ози болек турып уйренип калган гой. Егер бирге турса олай айтпаган болар еди. Арине оз балан болса да алыстан сыйласканга не жетсин. Келиндер немеренди багып уйге карап отырсан да саган курметпен карамайды. Арине копке топырак шашуга болмайды. Бирак меники сондай.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар