Алматы облысының тұрғыны өзін зорлаған жігітке тұрмысқа шықты

Сейсенбі, 18 Қазан , 2016 22:05

Әйел өзін екі жігіттің зорлағанын айтып, сотқа арыз жазған. Тергеу барысында жігіттердің бірі асылып қайтыс болған. Екіншісі өзі зорлаған әйелге үйленген.

1464076080_1

Бұл туралы Sputnik.kz басылымы хабарлайды.

Алматы облысының тұрғыны өзін зорлаған жігітке тұрмысқа шықты. Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны 16 шілде күні өзін екі жігіттің зорлағанын айтып, сотқа арыз жазған. Оқиға шілде айының 15-інен 16-сына қараған түні болыпты. Тергеу барысында жігіттердің Ұзынағаш ауылында тұратындығы анықталған.

Әйел келесі күні соттан арызын қайтарып алған. Бұған өзін зорлаған жігітке тұрмысқа шығуы себеп болса керек. Тамыз айында екі тараптың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Екінші күдікті 18 шілде күні өзінің үйінің ауласында асылып қайтыс болған. Экспертизалық тексеріс кезінде мәйіттің денесінен зорлық-зомбылық іздері табылмаған. Қазіргі уақытта жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Аталған іс Алматы облысының ІІД-не жолданған. Мұнымен қатар, қайтыс болған жігіттің ата-анасы полицияның үстінен “Өзінің беделі мен билігін асыра пайдалану” бабы бойынша шағым түсірген.


Жіберіп алмаңыз:

Көңіл-көтерерлік би: 59 жастағы алматылық бизнесмен италиялық “бишіге” сәтті пародия жасады (видео)

97 әйелі бар 97 жастағы нигериялық өзін “көз жұмды” деген ақпаратты жоққа шығарды

Алматының салықшылары есеп машинкасын таныту үшін Нұрлан Абдуллинді ханға «айналдырды»

21 қарашада тозығы жеткен көліктерді қабылдау басталады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар