Қазақстандық әже 6-қабаттан түнгі клубтың шуылын еститінін айтып шағымданды

Жұма, 14 Сәуір , 2017 9:44

Қазақстандық әже пәтеріне айналасындағы мейрамханалар мен түнгі клубтардың шуылы естілетінін айтып шағымданды. Айтуынша, таңғы сағат үш-төртке дейін шудан көз ілмейді екен.

акв

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

«Мен көп қабатты үйде балам мен келінімнің қолында тұрамын. Мазап кеткен кезде жер үйдегі балаларымды жағалаймын. Өйткені қазіргі пәтеріміздің ең бірінші қабатында дәмхана мен асханалар, түрлі дүкен бар. Олар күндіз-түні жұмыс істейді десем артық айтпаймын. Осыларға келетін адамдардың шуы алтыншы қабатқа дейін естіледі. Ішкен адамдар бір-біріне дауыс көтеріп, көліктерінің даусымен мазаны алады. Осылайша ұйықтай алмай сағат үш-төртке дейін жүреміз. Біз күні бойы үйдегі адамдармыз ғой. Ал балаларым таңертең тұрып жұмысқа кетеді. Ұйқылары қанбай әрең оянады. Терезені ашпайын десең, үй іші ыстық. Ашсаң, әртүрлі дауыстар мазаны алады. Әлгі ғимараттардың иесі жерді заңды жолмен сатып алғандықтан, үстілерінен шағымдана алмаймыз. «Сіздің шаруаңыз қанша? Бұл бизнес» деп жауап берулері де ғажап емес. Менің құрдастарым да дәл осылай қиналып жүргендерін айтады. Ал арыздануға балаларым жібермей отыр», – дейді Сәуле Мәзімова.

Ал Қаныгүл Сыдықназарова көршілерін жинап барып, өздеріне маза бермеген караокенің үстінен арызданған. Осыдан кейін жағдай біраз реттелген екен.

«Барлық жерде дәл осындай жағдай болып жатқан сияқты. Үйдің төменгі қабатында болмаса да, жанында орналасқан караокенің дауысы бізге естіледі. Адамдар ішімдікке тойып алып, айқайлай бастайды. Арасында далаға шығып алып өлең айтатындар да бар. Бірақ біз көршілер жиналып, үстілерінен шағымдандық. Содан кейін ғана шуыл азайды», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Бірден үш қызға үйленген елордалық жігіт жұртты дүрліктірді (видео)

Халыққа 10 сотық жер беру мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызылмақ

Алматыдағы университет жатақханасында көз жұмған студент жер қойнына тапсырылды

Қызы өгей анасының әкесін дуалағанын айтып жылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар