Қызы өгей анасының әкесін дуалағанын айтып жылады

Бейсенбі, 13 Сәуір , 2017 22:53

Шымкент қаласының тумасы Пернегүл ханым басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Айтуынша, өгей анасы оның әкесін дуалап алған. Әкесін соңғы рет осыдан 3 жыл бұрын көрген екен. Ал әкесі өз кезегінде телефон арқылы өткен оқиғаны тіпті еске алғысы келмейтінін айтты.

0дщ

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдаралмасында айтылды.

«Бір анадан төрт қыз, бір ұлмыз. Әкемнің көзі тірі. Өзі 1957 жылғы. Ал анам 2009 жылы дүниеден қайтты. Мен ол кезде 26 жаста едім. Әкемнің қарындасы бауырымның үйленуіне қарсы болды. Сөйтіп анамның қырқы өте салысымен, бірінші әкемді үйлендірді. Келген келін үйді билеп кетеді деп қорықса керек. Ол кісі ағаларына да, бауырларына да тез әйел тауып береді. Жаңа әкемнің қарындасының бізден ала алмайтын қандай өші бар екенін түсінбеймін. Тәуіпке барып бауырымның қызы туралы ақпарат сұрапты. Әкемнің екінші рет үйленуіне қарсы болмадық.

Төрт қыз әрқайсымыз өз отбасымызбен жан-жаққа кеттік. Үйленгеннен кейін әкеміз бізбен қарым-қатынасын үзді. Үш жылдан бері телефонмен де сөйлескен емеспіз. Үлкен әпкем Атакент қалашығында тұрып жатыр. Менен кейінгі бір сіңілім Шымкентте, екіншісі Темірлан деген ауданда тұрады. Ортада түрлі оқиға болып жатты. Оның барлығына мән бермедік. Бауырым 2012 жылы ақыры үйленді. Бір ай болмай арамызда ұрыс басталды. Өгей шешем бауырымды нашақор деп айыптап, келінімізге күн көрсетпеді. Әкем «Сендер адам болмайсыңдар» деген сөзді ғана айтады. Қанша дегенмен мұның барлығы тағдыр ғой. 2014 жылы 26 наурызда бәріміз әкеміздің туған күніне бардық.

Сол жерде әрқайсысының ішінде өкпе болды. Әкеме үнемі ақшалай көмектесіп отырдым. Қысылған шағында несие алып бердім. Осы күнге дейін төрт рет несие алып беріп, барлығын жауып отырдым. Бірде үй салуға, енді бірден бауырым түрмеге жабылып кетпес үшін ақша керек болды. Бауырым үйленгеннен кейін үш ай өткен соң сыртқа шығып кеткен. Артынан әйелі аңдып барса, қораның ішінде асылып қалған екен. Келін көре салысымен, оны әрең аман алып қалады. Күйеуім екеуіміздің арамызда бала болмағандықтан, айырылысып кеттік. Тағдыр тәлкегімен қиналып 2014 жылы әкемнің алдына бардым.

Өгей анам Шырынгүл бір балаға ақша санап беріп жатыр. Сөйтсем олар пайызға қарыз алған екен. Бастапқыда жасырып келген. Артынша 3 млн 300 мың теңге қарызға кіргендерін айтып берді. Өзіміз Атакент қалашығындағы базарда жұмыс істейміз. Мақтарал ауданының 80 пайыз тұрғыны бізді таниды. Бұл ақшаны не үшін алғандары, қайда жұмсағандары беймәлім. Осы күнге дейін төрт қыз ешнәрсе сұрап көрген емеспіз. Мен барғанда барлық қарызын жауып, әкемнің атынан шот ашып, 10 мың теңге салып беріп кеттім», – дейді Пернегүл ханым.

Алайда Ләйлә ханым бұл келеңсіздіктердің барлығын дуамен байланыстырудан бас тартты. «Меніңше, сіздің отбасыңызда болып жатқан оқиғаларға қара күштің еш қатысы жоқ сияқты. Қарыз алып, қарыз беруге әдеттеніп алатын адамдар болады. Ол жағы өтірік емес», – дейді ол.

«Менің байланыстырып отырған себебім – олар балгерге барып бауырымды алғашқы махаббатымен ажырастырғандарын айтып қалды. Киров деген жердегі Надя есімді дуакештің үйін барлығы біледі. Әкемнің қарындасы да 19 500 теңгеге біреуді дуалағаны туралы айтып қалды. Бір күні мені таңертең сыртымнан құлыптап кетіпті. Жаңағы дуакештерге таңертең, түсте, кешке барады. Өгей шешемнің дуалатып жүргені қаншалықты рас екен деген оймен Надяға өзім де бардым. Аз ақша беріп едім үндемеді. 5 000 теңге берген едім айта бастады. Тіпті, дәптерінен біздің суреттерімізді көрсетті. Қазір бауырым да тура әкем секілді жүр. Өзінің не істеп, не қойғанын білмейді. Осылайша әкеммен үш жылдан бері сөйлеспедім. Менің дауысымды естісе, ашуланып, аузына келгенін айта бастайды», – дейді Пернегүл ханымның өзі.

ЛәйләСұлтанқызы Пернегүл ханымның өгей шешесімен телефон арқылы байланысқа шықты. Шырынгүл ханым бірден өгей қызын айыптауға кірісті.

«Пернекүлдің айтып отырғанының барлығы өтірік. Ол әкесін қаңғытып жіберген болатын. Оның дүниесінің барлығын тартып алып отыр. Ниетім түзу, таза адаммын. Өзім педегогпын. Ол мені көк ала қойдай етіп төбелеп кеткен болатын. Мен балгерге өзімді тазарту үшін ғана барамын. Басқа ешнәрсе істетпеймін. Надяға барғаным рас. Пернегүл үйді тартып алатын болған соң, дуаны қайтартып оқыттым. Мен оған сурет апарған емеспін. Шалымның қыздары бізді дуалаулары әбден мүмкін. Шалымның өзі қыздарымен сөйлескісі келмейді. Дүйсен аға үйде осы бағдаралманы қарап отыр», – дейді өгей ана.

Ал бағдарламаның тұрақты психологы Марал Сарбасқызы өз кезегінде кейіпкерге әкесімен татуласуға кеңес берді.

«Араға ешқандай балгерді қоспай, бұл мәселені өздеріңізге де шешуге болады. Жан-жағыңызда есік көп. Бірақ сіз қабырғаға баспен тіресіп тұрсыз. Сіздің әкеңіз бар, бізде жоқ. Неге оны көзі тірісінде бағаламайсыз? Иә, қателесіп, шалыс басқан шығар. Сіз ақыл тоқтатқан адамсыз. Осы ситуациядан сәл жоғары болыңызшы. Әкеңіздің реніші сіз құшақтағанға дейін ғана созылады. Ол сізге өте жақын адам. Оның үстіне ер-азамат болғандықтан, мен сағындым деп айта алмайды. Араға балгерді де, өгей анаңызды да салмаңызшы. Арыңыз бен санаңыз тазарады. Өзіңіз реттелесіз. Бұл жерге балгердің ешқандай қатысы жоқ», – дейді маман.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қажылыққа барып келген азамат әйелінің бар ақшасын алып тайып тұрған

6 жасынан порно көрген бойжеткен мастурбация кезінде қыздығынан айырылған

Пәкпін деп алдаған аруды шымкенттік күйеуі бір түнде қуып жіберген

Қазақ жігіті: Қаракөздеріміз нәпсілерін тыйса, ешбір жігіт тиіспейтін еді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар