Алматыдағы университет жатақханасында көз жұмған студент жер қойнына тапсырылды

Бейсенбі, 13 Сәуір , 2017 21:59

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенті кеудесіне тиген ауыр соққыдан көз жұмған. Бұл туралы жатақханадағы төбелестен қаза тапқан Дидар Болысбектің ата-анасы айтып берді. Сол соққыдан жасы 17-ден асқан жігіттің жүрегі тоқтап қалыпты. Ал 1-ші курс студенті үлкендердің әлімжеттік жасайтынын анасына өткен жексенбіде ғана айтқан екен. Дидар соның құрбаны болуы мүмкін. Марқұм бүгін жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды КТК арнасы.

дидар болысбек ата анасы

Дидар Болысбектің сүйегін туған жері Таразға жақындарынан бөлек, университеттегі ұстаздары алып келген. Ал қара жамылған ата-ананың қолына оның денесіне жасалған сараптама нәтижесі беріліпті. Қағазда студенттің аяқасты жүрегі тоқтап өлгені көрсетілген. Ал оған бір ғана ауыр соққы себеп болыпты.

«Сол төсінің астынан ұрғанда 2 бүктеліп құлап қалған.  Содан тұрғыза алмадық депті», – дейді Дидар Болысбектің әкесі Қайырбек Нәбиев.

Мұны күдіктілер тергеушілерге айтып берген екен. Қазір қайғылы оқиғаға қатысы бар ұсталған 9 жігіттің екеуі ғана кінәсін мойындап, қамауға алынған. Ал аграрлық университеттің басшылығы Дидардың әлімжеттік құрбаны болғанын әлі де мойындар емес. Ал жігіттің анасы баласының денсаулығында еш кінәрат болмағанына сенімді.

«Менің баламда судороги болған емес, бас ауру болған емес, ешқандай ауру болған емес. Баланы сап-сау демалыс күні мен шығарып салдым осы үйден», – дейді Дидардың анасы Жанар Нәбиева.

Тіпті, курстастары оның жатақханаға кіруден қатты қорыққанын айтады. Сондықтан сенбі сайын Тараздағы үйіне қатынаған екен. Бұған дейін қысым көретінін айтпай келген ол бар шындықты тек жексенбі күні ғана анасына жеткізген.

«Мама, жатақханада “дедовщина” деді. Түн ортасында тұрғызады, дүкенге, дәріханаға жібереді деді.  Барып тауып әкелуге міндетті екен», – дейді Жанар Нәбиева.

Сондықтан Дидардың туыстары жағдайға бірінші кезекте аграрлық университет басшылығын кінәлап отыр.

«Аграрлық  университет студенттерінің  бұзық екенін бәрі айтады. Күнде ұрады екен, дендеген әлімжеттік!» – дейді Дидар Болысбектің нағашы ағасы Жарас Атығаев.

Дидардың өлімінен кейін студенттердің құқығына ерекше көңіл бөліне бастады. Енді Алматыдағы жоғары білім алушылар үшін сенім телефоны жұмыс істейді. Онда студенттер әлімжеттік, жемқорлық сияқты мәселелерге қатысты шағымын қалдыра алады.

Жіберіп алмаңыз:

Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады

Қызылордада 4 жасар баланы ұрған балабақша тәрбиешісі елді дүрліктірді (видео)

Алматы облысында қару кезенген ұрының өзіне тап берген сатушы қызға ноутбук сыйлады

Қазақстандық ғалымдар латын әліпбиінің бірнеше нұсқасын әлдеқашан жасап қойған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар