Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат Нью-Йорктегі қанды оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Осы АҚШ-та білім алатын қазақстандықтар мен қыдырып барған біздің туристердің көп екені белгілі. Нью-Йоркте таң енді атып келе жатқанына қарамастан, КТК арнасы біздің азаматтардың бірімен байланыс орнатты.

– Тәуірбек, сіз тікелей эфирдесіз. Теракттан кейінгі жағдай қандай? Көшелердегі тәртіп күшейтілген бе?

 “Армысыз, қазақ елі! Өздеріңіз білесіздер, Америка құрама штатының Нью-Йорк қаласында кеше үлкен оқыс оқиға орын алды. Бұл оқиға болған кезде мен үйде болдым. Кейін 10-15 минуттан кейін интернет желісіне және де уатсапқа маған хабарламалар келді. Яғни, Манхэттен аймағына жақындамаңыздар, қазір үлкен терракті болып жатыр деген секілді. Десе де, көше тынышталғаннан кейін кешкісін оқиға болған жерге өзім барып қайттым. Тәртіп сақшылары өте көп. Осы Нью-Йорк қаласында 35 миыңнан аса тәртіп сақшысы болса, соның жартысынан көбі сол Манхэттен аймағында жүр қазір. Тәртіп өте күшейтілген. Тағы бір айта кететінім, кеше осы Нью-Йоркта Хэллуин мерекесі тойланды. Бірақта халықтың жүзінен мерекелік көңіл-күй сезілмейді. Одан кейін 6-шы даңғылдың бойында сағат 8-10 арасында парад өтті. Бірақта, осы Нью-Йорк қаласының тұрғындарының айтуынша, парадта адам жылдағыдан аз жиналды. Өйткені, адамдар өте шошынып қалған. Жасөспірімдердің өздері ата-анасымен қыдырып жүр. Жағдай осы. Қазір Нью-Йорк көшелерінде тәртіп күшейтілген”, – дейді турист Тәуірбек Бозекенов.
Талқылау