Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйелдер Анджелина Джолиге ұқсау үшін жаппай сырт келбеттерін өзгертуде

Қазақстандықтар соңғы жылдары пластикалық операцияның көмегіне көп жүгіне бастаған. Астананың өзінде жылына 800-ге жуық бет-жүзді өзгерту операциясы жасалады екен.

Безымянный

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.

Сырт келбетін өзгерту үшін жасалатын операциялардың көш басында блефаропластика, мұрын мен құлақты түзеу, кеудені үлкейту, май алдыру секілді түрлері тұр.

Хирург Владимир Хегай 18-65 жас аралығындағы клиенттер келеді дейді. Тіпті жігіттер жағы да мұндай өзгеріс жасатудан қалыспайды екен. Олар көбінесе “азиялық” келбеттен қашып “европалыққа” ұқсауға тырысады дейді дәрігер.

“Әйелдердің көпшілігі Анджелина Джолиға ұқсағысы келеді. Келіп, соның көздерін көрсетеді. Валерияға еліктейтіндер де жетерлік”, – дейді дәрігер Хегай.

Мұндай операциялардың құны 300 мың теңгеге дейін барады. Ал кеудені үлкейту үшін әйелдер қауымы миллион теңге төлеуге мәжбүр. Артық майын алдырам деушілер де 300-400 мыңды шытырлатып санап береді.

“Ерлер мен әйелдер сыртқы келбеттерін өзгерту үшін, әйтеуір ақша табуға тырысады. Сол себепті соңғы үш жылда келушілер саны бес есеге дейін артты”, – дейді алматылық хирург Роман Алферов.

Пластикалық хирургияның елімізде кең таралғанына қарамастан, әлі медициналық жоғарғы оқу орындары мұндай бағыттағы түлектер дайындап жатқан жоқ.

“Пластикалық хирургия қазіргі таңда ҚР халқына тегін медициналық қызмет көрсету құқығына кірмейді. Сол себепті мұндай операциялардың барлығы коомерциялық клиникаларда жүзеге асады”, – дейді ректор Ербол Бекмұхамбетов.

Оқи отырыңыз:

АҚШ дәрігерлері 13 айлық сиам егіздерді ажырату операциясын жасады (фото)

Босанған ана мен сәбидің таңғажайып аман қалуы: отаны Қазақстандық дәрігерлер жасаған

Көптеген дәрумендердің пайдасы жоқ, бірақ кейбіреуін қабылдаған абзал

Күйзеліс пен ашушаңдыққа жол бермейтін 9 тағам

Талқылау