Босанған ана мен сәбидің таңғажайып аман қалуы: отаны қазақстандық дәрігерлер жасаған

Жұма, 14 Қазан , 2016 22:16

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс бас хирургі, «Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов босану барысында өлім аузында жатқан әйелдің ерекше оқиғасын журналистерге баяндады.

20161014203337

«Перзентханаға түскен жас келіншектің басындағы қан тамырлар жарылған. Ол тура босанар алдында комаға түсті. Сол себепті шұғыл түрде бізге жеткізген еді. Біз жас анаға оттегі жетіспейтінін аңғардық. Дәл толғақ басталғанда оның жүрегі мен тыныс алу тоқтап қалды. Біз жас ананы бірден ота залына апардық. Мен қанды ісікті алып жатқан уақытта гинеколог та ота жасап, нәрестені дін аман алып шықты. Бүгінде ол бала 7 жаста, ал анасы екінші баласын босанған. Яғни біз бір уақытта екі ота жасадық. Бұл 2009 жылы болған еді», – дейді Серік Ақшолақов.

Оған қоса Серік Ақшолақов ол кездерде дәрігерлер ем жүргізу мен жан сақтаудың жаңа әдістерін ашпаған еді, жәй ғана «жылдам әрі еш қорқынышсыз әрекет еткендерін» атап өтті.

«Біз үміттендік және бәрі де сәтті өтті. Шет елдік әріптестерімізге де әйгілі болған біздің тәжірибемізден кейін, мұндай ота Мәскеуде жасалды», – деп қосады ол.

Нейрохирургия ұлттық орталығы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2008 жылы құрылған. Жыл сайын мұнда жүйке жүйесінің айтарлықтай күрделі патологиясы бар науқастарға 2,3 мың ота жасалып, бұл сан жыл сайын арта түсуде. Орталық мамандары 8 жыл ішінде қазақстандықтарға 15 мың ота жасап, жаңадан 60 нейрохирургиялық технология енгізген.


Жіберіп алмаңыз:

Неліктен еттен бас тартуға болмайды?

Көптеген дәрумендердің пайдасы жоқ, бірақ кейбіреуін қабылдаған абзал

Көру қабілеті минус 17 болатын Қазақстандық спортпен айналысып, университетте білім алады

АҚШ дәрігерлері 13 айлық сиам егіздерді ажырату операциясын жасады (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар