Күйзеліс пен ашушаңдыққа жол бермейтін 9 тағам

Бейсенбі, 13 Қазан , 2016 14:29

Мейірімді болу үшін не істеу керек? Бар болғаны ызақорлықтан бойды аулақ ұстап, ішкі әлеміңізді көтеріңкі көңіл-күй шуағымен нұрландырыңыз. Қиындық туғызатын дүние емес сияқты… Бірақ бәсекелестік пен уақыт тапшылығы, үлкен қалалардағы күйзеліс жағдайында бойыңды бос ұстап, тыныштық күйде болу әсте мүмкін емес.

1368142767_697_stress_pitanie

Бізге көбіне, бақыт гормондарының бөлінуіне ықпал ететін аминқышқылдар, триптофан жетіспейді. Серотониннің түзілуіне көмірсулар, В тобы дәрумендері, магний мен цинк көмектеседі. Егер бұл заттектер организмде болмаса, триптофанның миға жетіп, серотонин бөле бастауы қиынға соғады. Организмдегі триптофанның жеткілікті мөлшері организмге ұйқысыздықтан зардап шегуге жол бермейді. Оған қоса ашушаңдықты басып, жұмыс істеу қабілетін жақсартып, бас ауруын жеңіп, ішімдікке тәуелділікті еңсереді.

Бақылауда ұстайтын тағы бір дүние – картизол деңгейі. Ол – адамға қауіп төнген сәтте не аш кезінде бөлінетін күйзеліс гормоны. Қандағы бұл гормон деңгейін төмендету қажет. Себебі картизол деңгейінің артуы тұрақты күйзеліске, ашушаңдыққа алып келіп, зат алмасуын нашарлатады. Қандағы картизол қозғалыс пен қоректі қажетсінеді. Дәл осы себепті күйзеліс созылмалы сипат алса, біз артық салмақ қоса бастаймыз.

Ашуды басып, тынышталып, күйзелістен арылып, көңіл-күйді көтеру үшін бізге арнайы «мейірімділік емдәмі» көмектесе алады.  Ол келесі тағамдардан тұрады:

Қызыл уылдырық

Иә, біз оны сирек тұтынамыз. Бірақ ғалымдар уылдырықтың ең пайдалы тағамдардың бірі екенін әлдеқашан дәлелдеген. Тек қымбат тұратын қызыл уылдырық қана емес, минтай мен шортан уылдырықтары да өте бағалы. Олардың құрамында көп мөлшерде пайдалы заттектер бар, оған қоса сіңуі де жеңіл. Дәрумендер мен минералдардан бөлек, қызыл уылдырықта триптофан мен жүйке жүйесін нығайтатын холестерол кездеседі.

Бадам

Бадамда тыныштандыратын әсерге ие және күйзеліс гормондары деңгейін төмендететін аса құнды Е дәрумені бар. Сонымен қатар онда холестерин деңгейінің төмендеуіне пайдалы қанықпаған майлар кездеседі.

Пісте

Басқа жаңғақтардағы сияқты оның да құрамында қанықпаған май қышқылдары бар. Олар сергектік пен жақсы көңіл-күй сыйлайды. Одан бөлек пісте қан қысымын төмендетіп, адреналиннің артық бөлінуінен арылтып, күйзелісті басады.

Үрмебұршақ

Үрмебұршақтың ең басты байлығы – магний. Ол бұлшықеттерді босаңсытып, тыныштандырады. Ал тыныштанған денеде жүке жүйесі де автоматты түрде тыныштанады. Мұнымен бірге магний кортизол деңгейін бақылауға көмектеседі.

Бал

Ол тек жүйке жүйесін ғана емес, бүкіл организмді нығайтады. Балдың босаңсытатын әсерінің күштілігі сонша, тіпті ұйықтататын әсерге ие. Сондықтан бал қосылған жылы шай – ұйқысыздық мазалағанды көмектесетін бірінші құрал.

Шөп шайлары

Шөп шайларына келер болсақ, түймедақ пен жалбыз тыныштандыратын  әсер бере алады. Оған қоса жалбыз ұйқыдан жылдам оянып, бойға күш-қуат жинауға себін тигізеді. Және ашушаңдықты басып, шаршаған кезде организмді қолдайды.

Шоколад

Таптырмас «көңіл-күй көтергіш» және ашушаңдықпен күресуші. Шоколад бзіге жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлайды. Оның құрамында серотонин мен аздған мөлшерде канабиноидтер бар. Канабиноидтер – бақыт пен масаттану сезімін сыйлайтын заттектер.

Сүт

Ол босаңсуға, тынығып, тыныш ұйықтауға көмектеседі. Жүйке жүйесін тыныштандырып, ашушаңдықтан арылтады. Сүттің құрамында протеин лактум кезедседі. Ол организмге тыныштандыратын әсер беріп, қан қысымы мен картизол деңгейін төмендетеді.

Ірімшік

Онда А және Е дәрумендері, депрессияға қарсы табиғи дәрі-дәрмек аталатын май қышқылдары көп. Сонымен қатар ірішмік құрамында күйзеліс, ашу-ызаны басатын триптофан бар. Ірімшік ұйқы сапасын жақсартуға көмектеседі. Тәптә ғалымдар ұйқыға жатар алдында аздаған мөлшерде ірімшік жеуге кеңес береді. Десе де ірімшіктің аса калорийлі екенін ұмытпағайсыз. Сондықтан ірімшік тілімінің кішкентай болғаны абзал.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар