Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ару «Әлем аруы» байқауына арналған видеороликте көпбалалы отбасы туралы айтты (видео)

Бір айға жетер-жетпес уақыттан кейін әлемнің ең сұлу бойжеткені анықталатын болады. Әлемдік сұлуық байқауына Қазақстанның атынан 18 жастағы ақтаулық ару Әлия Мергембаева қатысады. Еліміздің ең сұлу аруы әлемдік додаға қызу дайындалу үстінде. Ресми фотосессиясын әзірлеп, визит карточкасын да дайындап қойды. Ал «Әлем аруы – 2016» байқауының ресми сайтында Қазақстан аруына арналған видеоролик пайда болды.

2016_28_10__10_30_26__551

Онда «Қазақстан аруы-2015» Әлия Мергембаева өзінің туған қаласы Ақтау туралы әңгімелейді. Қарт Каспийдің жағалауында орналасқан әсем қала туралы әңгіме оның көпбалалы отбасы туралы сөзбен жалғасады.

«Менің туған қалам Ақтау – Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Бұл заманауи әрі қарқынды дамып келе жатқан мұнайшылар мен теңізшілер қаласы. Менің болашақ мамандығым туризм саласымен байланысты. Меніңше, адамдар көбірек саяхаттап, әр елдің мәдениеті мен салт-дәстүрін жете тани түссе, әлем мейірлене түсер еді», – дейді Әлия Мергембаева өзін таныстыру видеосында.

«Мен көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Анамның бес перзенті бар, сол себепті мен ата-анама іні-сіңлілеріме қарауға қолғабыс етемін. Балаларды сондай жақсы көремін, себебі бала дегеніңіз – біздің болашағымыз, келешегіміздің қандай болары өз қолымызда. «Қазақстан аруы» атанбас бұрын» мен түрлі мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарт кісілерге көмектесу бойынша  қайырымдылық акцияларына қатыстым, – деп жалғады сөзін қазақстандық ару.

Видеороликтен Ақтау қаласынң ең әсем де көркем жерлерін, Каспий жағалауын тамашалауға болады. Айта кетейік, Әлия байқау әділ-қазыларын өнерімен таңалдырмақ. Ол қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сахнаға алып шығып, одан бөлек ұлттық би билемек. Ал әлемнің ең басты сұлулық мерекелерінің бірі биыл 18 желтоқсанда АҚШ астанасы Вашингтонда өтеді деп жоспарланған.

Жіберіп алмаңыз: 

БАҚ-қа шолу. Әли Оқапов әскерге бару үшін комиссариатқа өтінішпен барған

“All Давай” тобының мүшесі Алматыдан түнгі клуб ашты (видео)

Қызықты жұмбақ: Кәмшат Жолдыбаева тыңдармандарынан көмек сұрауда (видео)

Бір топ арулар тойларда Жазира Байырбекованың даусымен ән салып жүр (видео)

Талқылау