Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық 17 жастағы мектеп оқушысы танымал Harper’s Bazaar журналының назарына ілікті (фото)

Қостанай облысы, Рудный қаласындағы 17 жастағы мектеп оқушысы Елизавета Батуева бүкіләлемдік Harper’s Bazaar сән басылымының индонезиялық нұсқасының парақшасына ілікті.

1c76db7fcd4a6e1d59768a02ae9d14a4

Суреттер instagram.com/elizabatueva

Бұл туралы Newtimes.kz хабарлайды.

Қазіргі таңда қыз Джакартада. Онда ол көптеген фотосессияларға әрі онлайн-дүкендер мен әртүрлі басылымдардың көрсетілімдеріне қатысып жатыр.

3f48639ced26f7f6c8ac88e44b44178f

“Рудныйда тұрамын. Мектепте оқимын, 11 сыныпқа көштім. 15 жасқа толған кезде мен Қостанайдағы сән мектебіне бардым. Курсты аяқтаған соң шетелде карьера жалғастырсам деп ойлана бастадым. Мені агенттік директоры Марина Михайленко да ынталандырды. Маған Алматыда және Ресейде көптеген адамдар көмектесті. Алматыда модель Алена Субботинамен танысып, ол менің агентім болып қазір қызмет етуде. Алғаш рет шетелге 2015 жылы шығып, Сингапурге бардым”, – дейді ол.

5d9b5a0f742f568fd05a2e9e4416f586

Қыздың айтуынша оны ата-анасы қолдап отыр екен. Оның мектептегі сабақ үлгерімі де өте жақсы. Болашақта мейрамхана-қонақ үй бизнесі саласын таңдағысы келеді. Әйтсе де дәл қазіргі сәтте және кейін де осы карьерасын жалғастыруға ниетті.

8c9b862a2bafa1e94f20edb53d5ef480

Harper’s Bazaar – сән, стиль және қоғам туралы жазатын алғаш рет 1876 жылы АҚШ-та шыққан журнал. 1901 жылдан бастап альбом форматында ай сайын шығып келе жатыр. 1913 жылы оны медиамагнат Уильям Рэндольф Херстом сатып алды.

6b82367447d0ba36f114e1ac7ff717ce

98bfa5069b90917d7825acaf0dcf5a4c

887bd51562b465f4b27a217fd666a97a

640443e3575fd5833868bfe7e305907e

659856e5e517f7788d9dc404eb9dc226

677125bcded820d4b1249fa8c276d54b

bef2a2d0294707c0080098a6cbceb421

 

Қазір Harper’s Bazaar әлемнің 29 келіне таралады және ай сайын 3 миллион данамен сатылады. Журнал Қазақстанда 2004 жылдан бері таралып келе жатыр.

 

Талқылау