Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымал адамдар "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында қоқыспен күресуге шақырады

Қазақстандық танымал адамдар "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында қоқыспен күресуге шақырады.

Қазақстандық жұлдыздар, әншілер, әртістер және басқа да медиа тұлғалар Instagram парақшаларында 8 сәуірде мегаполисте басталған "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанына қатысуға үндеп жатыр. Олардың арасында әншілер Әлішер Кәрімов, Роза Рымбаева, Мөлдір Әуелбекова, Ерболат Құдайберген, Шоқан Маратұлы, Салтанат Құдайберген, Тұрар Ыдырыс, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бақтияр Тайлақбаев, "Кешью" тобы, сиқыршы Мұрат Мұтырғанов, "МузАрт" тобының мүшесі Кенжебек Тұрсынбайұлы, композитор Октябрь Алтаев, тележүргізуші Айнұр Төлеу, жазушы Қанат Ескендір, ақын Алмас Ахметбекұлы және т.б. бар. 

Барлығы осы науқан аясында өтетін сенбілік өткізуді қолдады. 

Әнші Әлішер Кәрімовтің пікірінше, "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны – Алматы қаласы әкімдігі қолға алған игі бастама.

"8 сәуірден 8 мамырға дейін жалпықалалық сенбіліктер, ағаш егу, жағалауларды, су айдындарын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазарту апталығы ұйымдастырылады. Қала тұрғындары ескерткіштерді тазалауға, аумақ пен мәдениет нысандарын тазалауға қатыса алады", – деді әнші. 

"Тазалық табалдырықтан басталады" дейді қазақтар. Ауланы таза және ұқыпты ұстау – тек санитарлық талаптар емес, сонымен қатар мәдениет пен тілектің белгісі", – деп атап өтті әнші Ерболат Құдайберген.

Әнші Тұрар Ыдырыс алматылықтарға қоқыс тастамауды және оны қоқыс жәшігіне тастауды сұрады. 

"Бүгін Арбатты аралап келе жатып қоқыстың шашылып жатқанын көрдім. Оны бізден жасы үлкен коммуналдық қызметкерлер жинап жүр. Біз көппіз, ал қала жалғыз. Баршаңызды бір айға созылатын "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанына қосылуға шақырамын. Мен қатысамын, сіздер де атсалысыңыздар!", – деді Тұрар Ыдырыс стористе.

Кенжебек Тұрсынбайұлы да мегаполис тұрғындарын қоғамдық орындарды, тротуарлар мен аялдамаларды тазалайтын қызметкерлерді елемей қоя салмауға және еңбегін бағалауға шақырды. 

"Қоршаған ортаның тазалығы мен тәртібі бірінші кезекте қоғамға, мәдениетімізге және содан кейін жұмысшыларға байланысты", – деді ол.

Қазақстандық спортшылар да "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанына қатысуға көпшілікті белсенді түрде шақырып жатыр. Олардың қатарында боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, пауэрлифтингтен әлем чемпионы Илья Маслов, ушу-саньнан Дүниежүзілік жазғы Универсиада жүлдегері Бексұлтан Қоскенов, тай боксынан әлем чемпионы Милана Колченко және тағы басқалар бар.

Олардың барлығы бей-жай қарамайтын азаматтарға сүйікті Алматының аумақтарын жинау, абаттандыру және тазарту жөніндегі көктемгі бастамаға қосылу туралы өтінішпен жүгінді.

Ермахан Ибраимов ниеттес азаматтарды шетте қалмауға, сондай-ақ ортақ игі іске өз үлестерін қосуға және бірлескен күш-жігермен қаланы таза әрі әдемі етуге шақырды.

"Сізден "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанына қатысуға белсенді қолдау көрсетуіңізді сұраймын! Егер әр алматылық өз ауласын көгалдандырып, таза ұстаса, Алматы таза болады. Алматы гүлдене берсін!", – деді ол.

Назым Қызайбай өзінің бейне жолдауында тазалық – денсаулық кепілі екенін атап өтті. Оны барынша сақтау – әр қала тұрғынының міндеті.

Илья Маслов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қала спортшыларының атынан қала тұрғындарына мегаполисті қоқыстан тазартуға ықпал ететін бұл жобаны қолдауды ұсынды. 

"Менің ойымша, сіздердің әрқайсыларыңыз сыртқа шығып, үй маңындағы аумақты тазалай аласыз. Сондай-ақ жақын маңдағы таулы аймақтарға шағын саяхат жасай аласыз. Айналаны таза ұстауды өзгеден емес, өзімізден бастайық! Қаланың тазалығына әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!", – деді ол.

Дмитрий Баландин "Алматы - біздің ортақ үйіміз" акциясы аясында көп ағаш егілетінін, жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылғанын, қоғамдық орындар тазаланып, абаттандырылғанын еске салды.

"Сіз бұл жобаға өз аулаңызды тазартудан бастап қатыса аласыз. Бірге қаламызды одан да әдемі етейік!", – деп шақырды жүзуші.

Еске сала кетейік, Алматыда "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны өтіп жатыр. Әр тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады. 

Барлық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Талқылау