Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы президент сайлауы: «Ұлт тағдыры» қозғалысы Әміржан Қосановты ұсынды

Бүгін, 26 сәуірде, Алматыда «Ұлт тағдыры» қозғалысы» ұлттық-патриоттық бірлестік» қоғамдық бірлестігінің съезі өтті. Құрылтай барысында Қазақстан президенттігіне кезекті үміткер ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандағы президент сайлауы: «Ұлт тағдыры» қозғалысы Әміржан Қосановты ұсынды

Қоғамдық бірлестік алдағы уақытта өтеті кезектен тыс президент сайлауына қатысуды ұйғарған. Бірлестік мүшелері президенттікке үміткер ретінде Әміржан Қосановты ұсынды.

Өз кезегінде Қосанов өзіне сенім артып, кандидатурасын ұсынғандарға алғыс білдірді.

«Дос Көшім басқаратын «Ұлт» тағдыры қозғалысының мүшелері маған сенім білдіріп, кандидатурамды ұсынғаны үшін алғыс айтамын. Менің саясатқа келгенім бүгін емес. 1990 жылдары мемлекеттік қызметтен кеттім. Содан бері осы салада жүрмін», - дейді Қосанов.

Сонымен қатар Әміржан Қосанов президент болып сайланған жағдайда елімізде қоғамдық демократияны нығайтуға күш салатынын атап өтті. 

Талқылау