Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұтынушыларды оқытпақ

Енді Қазақстанда тұтынушыларды оқытпақ. Яғни, әр азаматтың өзі пайдаланатын тауарды сатып аларда нені білуі керек, заң бойынша қандай құқықтары бар екені туралы білім беру бағдарламасына енгізілуі мүмкін. Осы бағыттағы заңды сенат депутаттарына таныстырған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осындай жаңалығымен бөлісті.

cf66900d3fd7142db5ec004b9be

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Тұтынушылардың құқын қорғау туралы заңнаманың бұдан бөлек ерекшеліктері бар екен. Солардың ішінде сатып алған тауарды қайтаруға қатысты өзгертулерге тоқталып кетсе болады. Мысалы, жазда сатып алған қысқы киіміңіздің өлшемі кішкентай немесе бүлінгенін қыста байқасаңыз, сол уақытта қайтаруыңызға құқылы боласыз. Қазіргідей 14 тәулік ішінде қайтармасаңыз, өзіңізде қалдыру деген жоқ. Сондай-ақ, мейрамхана, дәмханалардағы ас мәзірінде тағамдардың калориясы жайлы ақпарат көрсету де қарастырылмақ. Тек, бұл заңда бағаларды реттеу жағы ұмыт қалыпты. Депутаттар, бағбанның еңбектеніп өсірген жемісінің базарларда 2 есеге қымбат сатылып жатқанын еске салды.
«Арада ешқандай қосымша шығын жұмсамай, еңбек етпей есеге өсіп кетеді. Бұл да тұтынушылардың құқы. Осы мәселе қалай қадағаланады заңда? Заң жобасында бұл жөнінде айтылмаған»,- дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов.
«Баға – антимонополдық қарасу жағынан біздің министрлікке қарайды. Бірақ қарайтын басқа комитет. Соның ішінде біздің нормаларымыз бар. Әр аумақта, аудандарда жұмыстарымызды жүргізіп жатырмыз»,- дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Талқылау