Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Шыңғысхан және Иисус Христ туралы фильм түсіріледі

Британиялық кинокомпания Қазақстанда бірнеше кинокартина және мюзикл түсіруді жоспарлауда. Екі жақты келісімге ҚР мәдениет және спорт министрі мен “SUPERB FILMS” жетекшілері қол қойған.

10132055

Сурет РИА Новости сайтынан алынды

“SUPERB FILMS” британиялық кинокомпаниясы Қазақстанда Шыңғысхан туралы және Иисус Христ жайлы кино түсірмекші. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“ҚР мәдениет және спорт министрлігі, “SUPERB FILMS” британиялық кинокомпаниясы және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдени институты кинемотография, мәдениет және өнер аясындағы серіктестік туралы келісімге қол қойды”, – делінген хабарламада.

Үш жақты келісімге қол қойылуының нәтижесінде 2016-2017 жылдары “We will rock you” мюзиклі, “Шыңғысхан” жұмыс атауымен көркем фильм, сондай-ақ, конфессиаралық қарым-қатынас негізіндегі Иисус Христ туралы деректі фильм түсіріледі деп жоспарланып отыр.

Тараптар Қазақстандық фильмдердің шетелдік нарыққа шығуына қатысты да мәселелерді талқылады.

“Танымал британиялық кинопродюсер Кент Волвин, өзін бұрыннан қазақстандық киноматографтардың қызықтыратынын айтты. Ол Қазақстанға бірнеше мәрте келген. Енді жуық арада тарихи және көркем фильм бағытында түсірілім жұмыстарын бастап кетпек”, – делінген баспасөз баянында.

“Мен түсіргім келген фильмнің біреуі, ол – Шыңғысхан туралы. Фильм сюжеті бойынша жас Шыңғысхан Батыс Европаның әскерилерімен кездеседі. Әрі бұл оқиға қазіргі Қазақстанның аумағында болған”, – деп Кент Волвин өз жоспарымен бөлісті.


Мемлекеттерді жойып, өзен арнасын бұрып отырған: Ұлы қолбасшы Шыңғысхан туралы қызықты он дерек

Талқылау