Қазақстанда шенеуніктерге қымбат иномарка сатып алуға тыйым салынуы мүмкін

Бейсенбі, 2 Қараша , 2017 18:18

“ҚазАвтоӨнеркәсіп” одағы шенеуніктердің шетел көліктеріне тым әуестігін айтып, импорттық көлікке тыйым салуды сұрады, – деп хабарлайды КТК арнасы. 

Биыл біздің шенділер үшін сырттан өткен жылмен салыстырғанда жеті жарым есе көп импорттық темір тұлпар алыныпты. 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 67 техника сатып алынса, биыл 508 техника алынған. Мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар импорттық көлікке бюджетінде 6 млрд 700 млн теңге бөлгізген. Әсіресе өңірлік әкімдіктер қымбат жол талғамайтын жапон көліктерін жақсы көреді екен. Оның ең арзаны қазынаға 24 млн теңгеге түседі. Енді ҚазАвтоӨнеркәсіп одағы мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Онда мемлекеттік қызметкерлер шеніне қарай көлік мінсін, шетелдің өніміне шектеу салынсын, сатып алуларда отандық көлікке басымдық берілсін делінген. Сонда жыл сайын көліктен кем деген 1 млрд теңге үнемделмек.

“Мемлекет соңғы 15 жылда отандық авто өнеркәсіпке көп қаражат құйды. Президенттің өзі “отандық өнім ал” деп ұран салып жатқанда, осы көштің алдында болуы тиіс мемлекеттік органдардың шетелдікіне жүгіргені түк түсініксіз. Тіпті қисынсыз. Ал шалғайдағы аудандық әкімдер үшін нағыз жұмыс көлігі Нива бар”, – дейді ҚазАвтоӨнеркәсіп одағының төрағасы Олег Алферов.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда соңғы екі жылда телехикая түсіруге 153,5 млн жұмсалған

ШҚО-да сот үкімін естіген бұрынғы шенеунік есінен танып қалды

Алматы орталығында жарық өшіп, ұзын сонар кептеліс пайда болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар