Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да сот үкімін естіген бұрынғы шенеунік есінен танып қалды

Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Виктор Май 10 жылға сотталғанын естігенде есінен танып қалды.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жалған кәсіпорын арқылы ақша жымқырып, қазынаға 4 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген қылмыстық топты құрды деп айыпталған сотталушы Виктор Май есінен танып қалды.

“Сотталушы Виктор Май ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-бөлімі, 220-бабы 3-бөлімі, 262-бабы 3-бөлімі, 245-бабы 3-бөлімі, 261- бабы 4-бөлімі бойынша кінәлі деп танылсын. Қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік билік органдарында қызмет атқару құқынан өмір бойына айырылып, 10 жылға сотталсын”, — деп үкім кесті судья Людмила Побияха оқиғадан бір минут бұрын.

 

Сот залына “жедел жәрдем” шақырылды. Дәрігерлер сотталушыны инсульт алды деген күдікпен реанимацияға алып кетті. Қазіргі таңда Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы орынбасарының денсаулық жағдайы белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы орталығында жарық өшіп, ұзын сонар кептеліс пайда болды

Қырғызстанның тасымалдаушылары еліміздің көлік заңнамасын жиі бұза бастады

Елбасы қостанайлық дәрігерді туған күніне пәтер сыйлап қуантты

Талқылау