Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда соңғы екі жылда телехикая түсіруге 153,5 млн жұмсалған

Өткен жылы 21 телехикая ғана түсірілсе, биыл олардың саны 39-ға жеткен, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын талқылау кезінде ұсыныстардың басым бөлігі ескеріліп, биыл арнайы тапсырыспен 39 телехикая түсірілетін болды. ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев осылай деп мәлімдеді.

“Қазіргі таңда біздің ведомствоның жұмысындағы өзекті мәселенің бірі ақпарат және коммуникациялар жөніндегі заң жобасына қатысты болып отыр. Аталған бағыттағы жұмыстар өткен күз маусымында басталған болатын. 60 адамнан тұратын жұмыс тобына білікті мамандар мен мүдделі ұйымдар енді. Мұнымен қатар, барлық өңірлердің өкілдерінің қатысуымен бірнеше қоғамдық талқылаулар өтті.  Осы орайда, министрлікке 200-ден астам ұсыныс келіп түсті. Оның 70%-ы толықтай ескерілді деп айта аламыз… Егер 2016 жылы мемлекеттік ақпарат тапсырысымен 21 телехикая түсірілсе, биыл 39 телехикая түсіру жоспарланған болатын”, – дейді Алан Әжібаев.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы екі жылда “Қазақстан” және “Хабар” телеарналары ішкі және халықаралық нарықта 153,5 миллион теңгеге телехикаялық өнім шығарды.

 

 

Талқылау