Қазақстанда, расымен, еден жуып жүріп пәтер сатып алуға бола ма?

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 17:00

Отандық блогер Әлішер Елікбаев еден жуып жүріп үшінші пәтерін сатып алған әйел туралы жазып жұртты таң қалдырған болатын.

4a96qq5i

Расымен де, Қазақстанда еден жуушы болып жұмыс істеп жүріп пәтер сатып алуға бола ма? Алматы қаласындағы құны 15 миллион болатын пәтерді қанша уақыт ішінде және қалай сатып алуға болатынын  Stan.kz тілшісі есептеп көрген еді.

Күні кеше блогер Әлішер Елікбаев еден жуып, үй тазалап жүріп ақша жинап, үй сатып алған әйел туралы жазған болатын. Әйел таңертең MEGA Astana сауда орталығында еден жуады. Келушілерге қолайсыздық тудырмас үшін швабр және шүберекпен жүруге тыйым салынған кезде, өзінің тұрақты клиенттерінің коттедждерін жууға кетеді. Бұдан кейін сауда орталығы жабылатын кезде ұзын дәліз бен эскалаторды келіп тазалайды. Яғни оның толық емес үш табыс көзі бар.

Мұнымен қатар, ол қоғамдық көліктен бас тартып, уақытты үнемдеу үшін Hyundai Accent қоғамдық көлігін сатып алған екен. Осы көлікке қажетті заттарын тиеп алып, таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Үшінші сатып алған пәтерінің құны 20 млн теңге тұрады.

Әрине, әйелдің бұдан бөлек екі пәтері болғандықтан, ол оларды жалға берген болуы мүмкін. Мұнымен қатар, отағасының табыс көзі бар. Яғни ол өзі жинаған қаражатты тек үй сатып алуға жұмсап, күнделікті тамақ пен пәтерақыны отағасы төлеп отырған да болуы ғажап емес. Десе де, қазақстандық еден жуушының қанша уақыт ішінде пәтер сатып ала алатынын есептеп көрейік.

Дәл қазір Қазақстан бойынша танымал «Крыша» жарнамалар сайтында Алматы қаласында құны 15 млн болатын 634 үй бар. Олардың барлығы дерлік 1-3 бөлмелі пәтерлер. Бұл дегеніңіз – осы ақшаға Алматының кез келген жерінен өзіңізге ұнайтын пәтер ала аласыз деген сөз. Аудан жақсы болған сайын, пәтердің бөлме саны аз екенін де ескеруіміз керек.

Енді жұмыс мәселесіне келейік. Olx.kz жарнамалар парақшасында Алматы қаласында дәл қазір 202 жұмыс беруші еден жуушыларға жұмыс ұсынуға дайын. Аптасына 5 күн, күніне 8 сағат жұмыс істеп 60 мыңнан бастап, 200 мыңға дейін жалақы алуға болады.

Яғни еден жуушы әйел 24 сағатының 8 сағатын ұйқыға, 8 сағатын негізгі жұмысқа жұмсаса, артық 8 сағаты бар. Осы уақытта тағы қосымша жұмыс істеуге болады. Үй тазалау компанияларында орташа есеппен үй тазалаушыларға сағатына 3 500 теңге төленеді. Жол мен тамақ уақытын алып тастаған кезде күніне қосымша 2 сағат жұмыс істеуге болады. Бұдан өзге сенбі, жексенбі күндері коттедждер тазалау мүмкіндігі туады. Алматы қаласында коттедж тазалау үшін орташа есеппен 15 000 теңге төленеді. Екі күн ішінде 4 коттедж тазалап үлгеруге болады.

Олай болса, есептейік. Негізігі жұмысынан 200 мың, күнделікті қосымша жұмысынан 140 000 және демалыс күндердегі жұмысынан 240 000 теңге табыс табады. Жалпы бір айда 580 мың табыс табу мүмкіндігі бар. Әрине, осы тұста денсаулықтың сыр беруі, туған-туыстармен, достармен кездесу, тамақ пен бензин мәселесін ескерсек, шамамен айына 500 мың теңге табыс табуына болады. Яғни құны 15 миллион болатын пәтерді 26-30 ай, 2-2,5 жыл ішінде тынбай жұмыс істеп жүріп сатып алуға болады.

Әрине, екінің бірі айына 200 мың теңге жалақы алмайтыны анық. Орташа есеппен еден жуушылар айына 60 мың теңге алады. Мұнымен қатар, орташа коттедждерді жинағаны үшін 10 мың теңге ғана алуы мүмкін. Есепті осы жалақыға сай қайта жүргізетін болсақ, еден жуушы айына 360 мың теңге жалақы алады делік. Яғни ол құны 15 миллион болатын пәтерді 42 айда, 3,5 жылда ала алады.

Алматы қаласында көптен бері бірнеше жұмыста қатар істеп жүрген еден жуушы Майгүл Жанболатқызы, алдымен, несие алып, сол ақшаға жер сатып алып үй салған екен. Енді жаңа үйлеріне кіріп, несиені өтеп келе жатыр.

«Несиеге ай сайын 50 мың теңгедей төлейміз. Өтелетін уақыты жақындап қалды. Осы несиеге алған ақшаға Боралдайдан үлкен жер сатып алдық. Ол жерде мен және менің сіңілімнің отбасы бірге тұрамыз деп жоспарладық. Күйеу балам көп жылдан бері құрылыста істеген. Үйді толықтай сол салып шықты. Ал біз үйге кеткен материалдық шығынды тынбай өтеп жатырмыз. Әрине, ешнәрсе оңайлықпен келмейді. Десе де, бастысы ниеттің түзулігі. Балаларымның болашағын ойлағандықтан, олардың өз үйлерінде өсіп-өнгендерін қалаймын. Көп жылдан бері пәтерден-пәтерге көшіп жалыға бастадық. Әлгі әйел туралы мақалаларыңызды оқыдым. Мен де екі жұмыста қатар істеп жүрмін. Бірақ, өмірімді толықтай жұмысқа арнай алмаймын. Яғни үш жұмыс істеп, бала-шағамды шетке ысырып қоя алмаймын. Десе де, ол кісіге деген құрметім шексіз», – дейді Майгүл Жанболатқызы.


Жіберіп алмаңыз:

Алматылық төрт абысын «ақылы келін» қызметі үшін қомақты ақы алады (фото)

Бір сағаттық келін: Әйелдер жаңа қызмет түрлерін ашып жатыр

Алматы тұрғындары жерді сүріп жатқандарға қарсы шығып, бульдозердің астына түсті (фото)

Америкада тұратын 101 жастағы қазақ әже нағашыларын іздейді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар