Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алатыны белгілі болды
Қазақстандағы орташа айлық жалақы 163,7 мың теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,9 процентке көп.
Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Жалақы мөлшері Қостанай облысында – 138,2 мың, Ақтөбе облысында – 130 мың теңгеге өскен. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға артқан. Ал, Маңғыстау облысында жалақының мөлшері 8 процентке – 269,6 мың теңгеге дейін төмендеген.
Қазақстанда өткен жылдың соңғы үш айында ең жоғары жалақыны қаржы, сақтандыру, ғылым, техникалық қызмет және IT салалардың қызметкерлері алған.
Қазқстанда қаржы және сақтандыру (316,1 мың теңгеге дейін, бір жылда жалақы 0,1%-ға өскен), ғылым және техникалық қызмет (303,3 мың теңгеге дейін, —7,3%), сондай-ақ ақпарат және байланыс (249,3 мың теңгеге дейін, +7,4%,) салаларында ең жоғары жалақы төленген.
Орман өсіру және ағаш дайындау (бір жыл ішінде бірден +17%, 162 мың теңгеге дейін) және құрылыс (бір жыл ішінде +15,7%, 218,1 мың теңгеге дейін) салаларында жалақы мөлшері өскен.
2017 жылдың қаңтар-желтоқсанының қорытындысы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтың орташа айлық жалақысы 149,7 мың теңгеге жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға артқан.
Тағы оқыңыз:
Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қазақстанда дағдарыстың аяқталғанын мәлімдеді
Біз ғана ма хайуан болып кеткен: Заңгер Қазақстандағы кей заңдардың ақымақтықтан туғанын айтты
Елімізде тұрғындар несие рәсімдегені үшін комиссия алған банктермен соттасып жатыр
Алматы базарында манты сатқан азамат қала орталығынан үлкен мейрамхана ашты