Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ең көп табысты кімдер табатыны анықталды

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов Қазақстандағы ең жоғарғы және ең төменгі жалақы туралы айтты.

zarplaty

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Қазақстанда ұшқыштар мен мұнайшылар ең көп жалақы алады екен. Олар айына орта есеппен 805 және 637 мың теңге ақшаны қалтаға басады. Ал ең төменгі жалақы мұғалімдер мен дәрігерлерде – 108 және 94 мың теңге.

Осы айдан бастап статистика комитетінің сайтында “Модернизация 3.0” деген бөлім ашылады. Ол жерден барлық мәліметті алуға болады.

“Біз инфляцияның қалай есептелетінін көрсетеміз, эконмистерді, қоғамды талқылауға шақырамыз. Кейін ЖІӨ қалай есептелетінін де көрсетеміз, сөйтіп аямыз кеңейе бермек. Біз халыққа жалақы қалай есептеледі, жұмыссыздық мәселесі қалай реттеледі, бәрін түсіндіргіміз келеді. Халықпен тілдесудің еркін форматына көшу үшін біз онлайн-алаңқай жасауға ниеттіміз. Журналистерді, экономистерді, қоғамды, азаматтарды, жалпы барлығын белсенді талқылау ұйымдастыруға шақырамыз”, – деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов.

Оқи отырыңыз:

Қызылорда ыстығына шыдамаған алматылық қыз беташарда есінен танып құлады

Астанада “Технодом” сауда үйінің кассирі тұтынушының қазақша қойған сұрағына жауап бермей қойған

Жамбыл тұрғыны “жетім” жігітке жақсылық жасаймын деп тоналды (фото)

Бір отбасын қанды қол қарақшыдан құтқарып қалған полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Талқылау