Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл тұрғыны “жетім” жігітке жақсылық жасаймын деп тоналды (фото)

Жамбылдық Сейсенбек Ізетбаев ораза айында жақсылық жасаймын деп тоналды. Ол Талас ауданына қарасты Майтөбе ауылы тұрғындарынан қайыр сұрап, қаңғырып жүрген жас отбасыны үйіне кіргізіп алған болатын.

жақ1

Бұл туралы алаяққа алданып қалған ақсақалдың өзі айтып берді.

« Арман есімді жігіттің Насихат деген әйелі, 1 жастан асқан ұлы бар. Олар әр үйдің адамдарымен сөйлесіп, қолдарынан келген көмекті берулерін сұрап жүретін. Өзімнің жалғыз ұлым бар. Бұл да адамның баласы деп жаным ашыды.

жақ2

Үйіме кіргізіп, жылы әрі таза жерде жатуларына жағдай жасадым. Арманның сөзі дұрыс болғаннан кейін тас жол бойынан ашқан шағын кәсібіме араластырайын дедім. Енді, аяқ-қолы балғадай жігіттің қолынан келмейтіні жоқ. Әбден сенімге кіргеннен кейін оларды «Асханаға» қалдырып, бар дүниемді сеніп тапсырып кететін болдым»,-дейді ауыл тұрғыны.

Арман Сейсенбек ақсақалдың әйелі мен өзін сендіре сөйлеп, мейірімдерін оятқан. Тіпті ата-анасын ертеректе қайтыс болып кеткен депті.

жақ

«Асханада да жатын жайларын реттеп бердім. Бөлмелеріне теледидар алып беріп, қолдарына телефон ұстаттым. Қалаға барып тұруына жағдай жасап көлігімді басқаруын заңдастырайын деген ой болды.

Қалаға бір барып келіп, құжатын алуға уақыты болмағанын айтты. Ешқандай жаман ойлағаным жоқ. «Келесі жолы міндетті түрде алып кел. Жол полициясы ұстаса айып салып жүрер» дедім де қойдым»,-дейді ақсақал.

Осылайша екінші ұлымыз пайда болды деп жүргенде Арман ақсақалдың көлігін мініп, бір түнде қашып кетіпті. Кәсібін сеніп тапсырған жігітті таң азанмен таппай қалған ақсақал түске дейін келіп қалар деп күтіпті. Телефонына хабарласып, сөндірулі деген жауап алған.

Сауап аламын деп көлігінен айырылған ақсақал жұртқа оразада жақсылық жасамас бұрын, кімге көмектесіп жатқанын біліп алуға кеңес берді.

«Түстен кейін амалымыз құрып, полицияға хабарластық. Сөйтсек Арман бұрыннан іздеуде жүрген күдікті екен. Оның ата-анасы да тірі болып шықты»,-дейді ақсақал.

Егер мына фотодағы Арман Елғондин есімді азаматты танитын кісілер болса 87766482323 немесе 87715894955 номерлеріне немесе 102-ге хабарласуын сұраймыз.

Оқи отырыңыз:

Бағлан Әбдірайымов вокзалда алма сатып, кәуәп пісірген күндерін еске алды

Бейбіт Көшқалиевтың азан шақырған видеосы жұртты тамсандырды (видео)

Қайрат Нұртас Сивидің әкесіне аса қымбат көлікті сыйға тартты (видео)

Мәмбетовтың ақиқаты, Жаманқұловтың “шындығы”: Тұңғышбай Желтоқсан оқиғасында мені тастап қашып кетті

Талқылау