Қазақстанда алдағы уақытта тұрғын үйдің сапасы да, бағасы да көтеріледі

Жұма, 4 Тамыз , 2017 21:53

Еліміз құрылыста жаппай еуростандартқа көшпек ниетте. Жыл соңына дейін кеңестік кезеңнен қалған 186 ереже күшін жояды,-деп жазды КТК арнасы.

үйлер

көрнекі сурет.

Ал 20-шы жылға дейін құрылыс толық еуропалық қалыпқа түсуі тиіс. Әлемдік норма құрылыс материалдары мен технологияға да әлемдік талап қояды. Өзгерістің шаршы метр құнына қалай әсер ететінін біздің шенеуніктер есептемепті.

Бірақ арзандамайтыны анық. Құрылыстың еуро болғанынан ел не ұтады? Азамат Алдоңғаров зерттеп көрді.

Құрылыс нормалары мен ережелері салынатын ғимараттың жобасын жасаудан бастап, іргетасы, әрлеу материалдары, инженерлік жүйесі, тіпті аббатандырылуын да реттейді.

Ал бұл талаптың еурокодқа алмастырылуы сіз бен біздің жайымызды еуропалықтікімен тең етпек. Алайда ғимараттардың өзі анау айтқандай өзгермейді. Еуропалық сапа бірінші кезекте қауіпсіздікті көздейтін көрінеді.

«Еурокодтар тек ғимараттың негізгі салмақ түсетін қаңқасын реттейді. Яғни үйдің іргетасын бұрынғыдан мықты болады. Ал оның іші-сыртын қалай әрлейтіні құрылыс компаниясының өз еркі»,-дейді  «Атамекен» ҰКП құрылыс департаментінің директоры Аспена Досмағанова.

Алайда осы сапаның артуына да қарсы топтар бар. Құрылысты жобалаушылар қауымдастығы ешқандай өзгерістің керегі жоқ, ескі сүрлеумен ақ сапа болады деген уәж айтыпты. Ал олардың неге кері тартатынын құрылысшылар біледі.

«Жобалаушы компаниялардың құрылыс материалдары бойынша қатып қалған бір қалыпты жобадан жобаға сүйреп жүре беретін әдеті бар. Олар жаңа материалдар нарығын зерттеп, бас ауыртқылары келмейді»,-дейді құрылыс компаниясының директоры Ирина Савченко.

Ескі талаптардың еш сын көтермейтінінің дәлелі ретінде, қарағандылық кәсіпкер атышулы Бесобадағы көпқабатты үйдің қайғылы оқиғасын еске салды.

Арзанның сорпасы татымайды деген ол, жаңа талапқа қазір-ақ тас-түйін дайын отыр. Ол түсінікті де. Себебі жаңа талап, құрылысшыларға мүлдем басқа табыс әкелуі тиіс. Кәсіпкерлер есебін біледі, алайда халық үшін қызмет ететін шенеуніктер реформаның салдарын салмақтамаған сынды.

«Бұл қиын сұрақ. Айтарлықтай қымбаттай қоймайды, қымбаттамайды деп ойлаймын. Біз қолданысқа алайын деп отырған еуро-стандарттар біздікінен жоғары.

Еуропада құрылыста жаңа технология, тіпті құрылыс материалдары да біздікінен өзге»,-дейді  , ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бас сарапшысы Мереке Тутанов.

«Бұның барлығы қымбатауға алып келеді. Жұмыс күші де қымбаттайды, құрылыс материалдарына талап күшті болғандықтан ол да арзан болмайды.

Нәтижесінде құрылыстың өзіндік құны артады. Сондықтан еуростандарттың қымбатқа түсетініне дайын болуымыз керек»,-дейді  «Атамекен» ҰКП құрылыс департаментінің директоры Аспена Досмағанова.

Біздің шенеуніктер реформаны бастауын бастап, осылайша тәуекелін есептемеген. Сондықтан тағы да Ресейдің тәжірибесіне сүйенуге тура келеді.

Ол жақта еуросапа шаршы метрлердің 30 пайызға дейін қымбаттауына алып келген. Ал біз ескі әдетпен әліптің соңын бағамыз. Оның үстіне отандық құрылыс материалдары еуростандартқа сай келмейтінін ескерсек, кезекті реформа құрылысы шатырынан басталған үйге ұқсайды.

Оқи отырыңыз:

Желі қолданушылары 50 жастағы моделдің сұлулығы мен сымбатына таңғалды (фото)

Өзге баланың екі қолы салынған балақай бейсбол ойнауды үйреніп жүр (фото)

Ер адам жазықсыз өлім жазасына кесіліп 46 жылдан соң түрмеден ақталып шықты (фото)

Баян Мақсатқызы: Ер болып жаралсам, гей болар едім

Анасының қызы: Айару Бақытбектің купальникпен түскен суреті желіні шулатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар