Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2017 жылдан бастап оқушылар көлік жүргізуді үйренеді

2017 жылдан бастан елімізде мектеп оқушылары көлік жүргізуді үйренетін болады. Алғашқы әскери-техникалық дайындық барысында оқушыларға көлік жүргізудің қыр-сыры үйретіледі. Бұл туралы Сенат депутаттарымен кездесу барысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

807070707

«Біз барлық 9-11 сынып оқушылары үшін алғашқы әскери дайындықта автокөлік жүргізуді оқытуды енгізетін болдық. Бұл қадам жол апаттарын азайтады. Осы орайда мәселені Қорғаныс министрлігімен қарастырдық. Қазіргі кезде, яғни биылдан «алғашқы әскери дайындық» емес, «алғашқы әскери-техникалық дайындық»   (АӘТД) деп аталады. 2017 жылдан бастап бұл пәнде жүргізуші куәлігін алуға автокөлік ісі бойынша сағаттар қамтылған. Бала АӘТД-ны оқығаннан кейін емтихан тапсыратындығы туралы анықтаманы алады. Бұдан кейін жүргізуші куәлігін алу үшін 18 жасқа толуын күтеді», – деді Е. Сағадиев.

Министрдің айтуынша, Білім және ғылым Министрлігі көлік жүргізуді үйрететін ұстаздарды даярлау ісін қолға алды. Алдағы уақытта мектеп оқушылары тұтастай бір күнді көлік жүргізуді үйренуге арнай алады. Емін-еркін көлік жүргізу үшін білімгерлер полигонға жіберіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Білім және ғылым министрлігінде тағы бір даудың шеті шықты

Астанадағы білім басқармасы мектепте секспен айналысқан мұғалімдерге қатысты пікір айтты

Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады

Алматы облысында марқұм ағайындылардың туыстары 45 миллион теңге өтемақы талап етті

Талқылау