Білім және ғылым министрлігінде тағы бір даудың шеті шықты

Жұма, 11 Қараша , 2016 21:44

Білім және ғылым министрлігінде тағы бір даудың шеті шықты. Осы ведомостводағы ғылым комитеті төрағасының орынбасары мемлекеттік қызметтің дәрежесіне кір келтіргені үшін жұмысынан қуылмақ. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

bilim

Айыпты болған Ләззат Құсайынова болса, мұның бәрі жаңа министрдің аяқтан шалуы дейді. Ғалымның айтуынша, өз командасына орнын босатпағаны үшін Сағадиев мырза соңына түскен. Сот процесіне бергісіз мемлекеттік қызметкерлердің әдебі мен тәртібі қаралған отырыстан тілші жалғастырады.

Ең алдымен ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайынованың мәселесі қаралды. Шенеунік басшыларының рұқсатынсыз Иранда өткен ғалымдардың басқосуына барғаны үшін айыпталып отыр.

«Ғылым комитеті мемлекеттік мекеме болғандықтан менің тікелей басшым төраға. Оның және вице-министр Сұханбердиеваның мақұлдаған қызметтік хатым да бар. Олар қарсы болса қол қоймас еді. Заң бұзушылық жоқ, шақырту жеке басыма арналған, әрі еңбек демалысым кезінде болған», – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайынова.

Ләззат Құсайынова, өзіне қарсы айыптаулардың бәрін – қызметінен қуу үшін жасалған қасақана әрекет дейді. Жан-жақты қысым жасап жатыр деп кеңес мүшелерінің алдында жылап та жіберді.

Содан кейін сөз алған министрлік өкілі, бұл жайтты түсіндіріп берді. Қорқыту үшін емес, бүгінгі кеңес отырысына шақырту апаруға барған қызметкерлеріміз деді. Ал, Құсайынованың шетелге шығуына тек министрліктің жауапты хатшысы ғана рұқсат бере алады екен.

«Адамды Иранға жіберу деген, Иранның қандай мемлекет екенін өздеріңіз білесіздер, қазбаламай-ақ қояйын. Бірақ, ол кісі басшысының рұқсатынсыз, өз еркімен осы елге кетіп қалды. Ғылым комитетінде 2 салаға бағытталған бірқатар ұйым бар. Оның ішінде әскери бағыттағы технологиялармен байланысты ұйымдарды атап өтуге болады. Әрине, Құсайынованың бұл салалардағы ақпаратқа рұқсаты жоқ. Бірақ, төрағаның орынбасары ретінде бұл ақпараттарды білетін адамдармен араласып, бірқатар мәселелерден хабары болуы мүмкін», – дейді  ҚР Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрсейіт Байжанов.

Рұқсатсыз шетелге шығып, айыпты болған комитет төрағасының орынбасары мемлекеттік қызметкерге ұстаздық және ғылыми жұмысты қатар алып жүру заңға қайшы емес деп отыр. Алайда, министрлік өкілдері – басшысының рұқсатынсыз шығуына болмайды дегеннен танар емес. Екі жақты да тыңдағаннан кейін кеңес мүшелерінің қарауына 1 ғана ұсыныс түсті.

«Наложить на Кусаиновой дисциплинарное взыскание с занимаемой должности. Я прошу проголововать», – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Алик Ішпекбаев.

Дауыс бергенде кеңес мүшелерінің пікірі екіге жарылды. Алайда, “жұмыстан шығару туралы” ұсынысты қолдамасақ, заңға қарсы келеміз деген пікірден кейін қайта дауыс беріліп, көпшілік қолдап жіберді.

– Сіз өзіңіз кімнен деп ойлайсыз? Кім қысып жатыр деп ойлайсыз?

– Министр образования, ответсекретарь, новая команда.

«Егер, бүгінгі кеңестің шешімі жүзеге асырылатын болса, онда Ләззат Құсайынованың мемлекеттік қызметке қайта орналасуы қиындауы мүмкін. Оның қызметінде қалу, қалмауы “қысым көрсетті” деп өзі айыптаған министр Ерлан Сағадиевтің кесіміне байланысты болмақ», – дейді тілші Бақытнұр Әлібай.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
26 күні 17 сағат кері

Ононимно

Анонимно
27 күні 1 бір сағат кері

Өңшең еркек жабылып, бір қазақтың қызын жылатқаны – нағыз надандық. Егер мемлекеттік құпияны ашса немесе қателік жіберсе, ашығын айтпай ма? Олай болса, бұл кісі өз еркімен-ақ қызметінен кетер еді. Демек, жеке бастың, дәлірегі, Ерлан Сағадиевтың ықпалы болса керек. Елбасымыз Назарбаев “командалық” топтасуға тыйым салды ғой, бұлар сонда ешкімнен аяқтврын тартпайды ма?.. Бір министр “қыз зорлауға құмар” деп айыпталса да, халық әртісін қаматып тастап, “кепілдік ақшамен бостандыққа шығуыңа көмектесейін бе?” – деп, миығынан күлсе; мына біреуі қазақтың жалғыз тілін қидалап-қанатып үшке бөлгені (үштілділік саясаты) аздай, енді әйелдермен “күресуге” шыққан ба? Жұрт бұның әкесін “өте майда”, өсекқұмар кісі” деуші еді… Рас- ау…

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар