Алматы облысында марқұм ағайындылардың туыстары 45 миллион теңге өтемақы талап етті

Бейсенбі, 17 Қараша , 2016 22:14

Алматы облысында үш бірдей азаматынан айырылған отбасы қандықол қарақшылардан 45 миллион  теңге өтемақы талап етті, деп хабарлайды КТК арнасы.

   09

Қаскелеңде өтіп жатқан сот процессі айқай-шусыз болмады. Бұл жолғы отырысқа айуандықпен өлтірілген ағайындылардың жесірлері келген. Қанды оқиғаның қалай болғанын бастан-аяқ естіген олар көз жасын жасыра алмады. Ал айыпталушылардың екеуі кінәсін мүлде мойындамай қойса, ең басты күдікті -Талғат Сүлейменов өзіне тағылған айыптармен тек жартылай келісті. Айтуынша, ағайындыларды ол қасақана емес, абайсызда өлтірген. Десе де, соңғы сот сараптамасы оның сөзін түгелдей теріске шығарды. Себебі, ағайындылардың бірі атылған оқтан өлсе, қалған екеуі ауыр соққылардың салдарынан көз жұмыпты. Ал марқұмдардың артында 9 бала қалған. Оның үлкені – 13 жаста, кішісі әлі екіге де толмаған.

«Ағаларымыздың, бауырларымыздың денесін сіз көрсеңіз, өкінесіз. Сідік пен ыстық құм! Ойлай беріңіз, адам өлді ғой, өлді бірақ мәйітті сонша қорлау не деген масқара!  Жүрегі жоқ хайуан, сезім жоқ бұларда судья мырза ата салу керек бұларды!» – дейді  марқұмдардың туысы Еркін Бейсеке.

Жіберіп алмаңыз:

Министр Сағадиев әліппені мектепке қайтадан алып келетінін жариялады

Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады

Таразда сегіз жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты

Сәбиді шапалақпен аямай сабаған әйел Өзбекстаннан табылды

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар