Таразда сегіз жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты

Бейсенбі, 17 Қараша , 2016 21:41

Жеткіншекті азаптап, мүгедек қылған педофил сол күйі кінәсін мойындаған жоқ. Бірақ үкім шығарарда судья нақты айғақтар ғана сүйенген, деп хабарлады КТК арнасы.

вввввв

«Эксперттің барлығы сот биологиялық, сот медициналық, сот молекулярлық-генетикалық эксперттің барлығында, қыздың жыныстық жағынан ДНК-лар табылып отыр. Жаңағы сперма, сперматозоидтар  дегендер. Қылмыстық іс жан-жақты обьективті тұрғыда дәлелденді», – дейді судья Айгүл Мәлікова.

Айта кетейік, оқиға сәуір айында Шөлдала ауылында болған. Екінші сынып оқушысына өз үйіне таяқ тастам жердегі қараусыз жатқан баспанада белгісіз біреу ойына келгенін істепті. Күдікті ретінде 29 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталған. Бетін жасырып әлекке түскен педофил бір отбасын күл-талқан етті. Зорланған 8 жастағы қыз бірнеше оперциядан кейін мүгедек болып қалса, перзентінің көрген азабына шыдамаған әкесі өзіне қол салып, асылып өлген. Сұмдық оқиғаны ұмыттыру үшін жеткіншектің шешесі оны Ақтауға алып кетіпті. Қазір сонда білім алып жатыр. Қылмыскер Қуанышбек Байтұрсынов болса, бұған дейін де қыз зорлап, істі болған. Ал бұл жолы 22 жылға сотталды.

Жіберіп алмаңыз:

Есікте қыз зорлады деп айыпталған жігіттер жазадан сытылып кетуі мүмкін

Өскеменде 23 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті

Теракті жөніндегі ақпарат үшін қазақстандықтарға миллиондап ақы төлейді

Таразда қызға таласқан оныншы сынып оқушысы колледж студентін өлтіріп кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар