Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан спортшысы бендиден әлем чемпионатының үздік бомбардирі атанды

Ресейдің Хабаровск қаласында бендиден 2018 жылғы әлем чемпионаты аяқталды.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Финалда ресейліктер шведтік команданы 5: 4 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы финдіктерден 4: 8 есебімен жеңіліп, төртінші орынды иеленді.

Турнирдің соңында ойынның үздік ойыншылары аталды. Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны Рауан Исалиев 21 гол соқты. Ал оның соңынан – германиялық Александр Колягин және ресейлік Алмаз Миргазов 12 голдан соқты.

Сондай-ақ, қазақстандықтар Виктор Чернышев пен Руслан Ғаляутдиновтың ассистенттер қатарына кірді. Бұл символикалық команданың құрамында Қазақстан құрамасының қақпашысы Андрей Рейнге де орын табылды.  Ал турнирдің үздік қақпашысы болып ресейлік Роман Черный танылды. Сондай-ақ, басқа санаттағы жеңімпаздардың ішінде үздік қорғаушы ретінде  – швециялық Эрик Сэфстрем, үздік шабуылшы – ресейлік Максим Ишкельдин, үздік ойыншы – швециялық Даниель Берлин танылды.

Жіберіп алмаңыз:

Футзалдан Қазақстан Польша құрамасын 5:1 есебімен жеңді 

Алматыға футболдан әлем чемпионатының алтын кубогы әкелінді 

Әйгілі боксшы Геннадий Головкин балалар үйіне барды 

Қуат Найман: Әйелімнің қыз бала емес, тек ұл туып бергенін қалаймын 

 

Талқылау