Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының бас трофейі чартерлік рейспен Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Дәстүрге сай, футболдың ең айтулы додасы қарсаңында таза алтыннан құйылған 6 кг Әлем кубогы спортсүйер қауымды біріктіру мақсатында жаһанды шарлап шығады. Кубокты алып жүрген ФИФА делегациясы Алматыға кешеуілдеп жетті. Жоспарға сай, 10:30-да қонуы тиіс ұшақ, Алматы әуежайындағы қолайсыз ауа райына байланысты, Бішкектің қосалқы аэродромына уақытша қонды. Әлем кубогы «мінген» ұшақ Алматыға 13:50-де келді. Трофей Қазақстанда бір күн болады.
Тағы да оқыңыз:
Қуат Найман: Әйелімнің қыз бала емес, тек ұл туып бергенін қалаймын
Алматылық жігіт әйел кейпінде сұлулық байқауының финалынан өткен соң жігіт екенін мойындады (фото)