Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым халыққа тиіспеген енді әншілер қалып еді: Қуат Найман Төреғали туралы айтқан пікірін түсіндірді

Аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат “Найман” Хамитов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін “The Эфир” жобасының жаңа қонағы болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қуат Хамитов барлық сұраққа ашық жауап берді. “Найман” жеке өмірі, жарақаттары жайлы, ел болашағы мен айына 100 мың доллар табыс таба отырып, Қазақстанға пайдасын тигізбей жүрген спортшылар жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, Хамитов 2018 жылға жоспарланған жекпе-жектерге тоқталып,  Төреғали Төреәліге қатысты ойын айтты.

“Төреғалидің көрерменге тіл тигізгенін естігенде қатты ашуландым. Қарапайым халыққа бәрі мінезін көрсетіп болып, енді әншілер қалды ма? Аузынан 1-2 мың теңгесін жырып концертіне келіп отырғанда, оған тап беріп тұрғаны қалай? Мұның өзі ауылда кәдімгідей ақша. Қалада да сол ақша үшін даланы сыпырып жүрген апа-аналарымыз бар. Мешіт алдында да үлкен кісілеріміз жүр қайыр сұрап жүр. Өзіміз аз ғана қазақпыз. Осылай мінез көрсетіп, бір бірімізге тиісіп жүрсек қалай халық боламыз. Төреғалиді жазалау туралы пікірім осынай ашулықпен айтылған болатын”, – деді спортшы.

“Ал, футболшыларға келетін болсақ, олардың не көрсетіп жатқан нәтижесі жоқ. Не Азия, не әлем чемпионы емес. Сөйте тұра айына 100 мың, 150 мың доллар ақша алып отыр. Далаға кетіп отырған ақша. Олар ешқандай чемпиоан емес. Ал ең ауыр бокстағы спортшыларға жеңімпаз болса, 3-4 млн теңге марапаттайды. Не көлік мінгізбейді, не баспана бермейді. Спортшы өмірінде бір рет қана жеңіске жетуі мүмкін, бірақ оған лайық марапатталмайды. Содан кейін денсаулығы жарамай далада қалады”,- дейді  Қуат Найман.

Бұған дейін Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтқан болатын.

Тағы да оқыңыз:

Қуат Найман: Әйелімнің қыз бала емес, тек ұл туып бергенін қалаймын

Қуат Найман: Ешкім танымайтын “Алаш прайд” клубы менің арқамда танымал болды (видео)

Алматылық жігіт әйел кейпінде сұлулық байқауының финалынан өткен соң жігіт екенін мойындады (фото)

Талқылау