Елбасы Данияр Елеусіновті Олимпиададағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланысты Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады.
Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Елеусіновті бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз», – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.
69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елеусінов бокстанОлимпиада чемпионы атанды. Олимптің ең биік шыңына көтерілген Данияр Елеусінов ата-анасына және барша жанкүйерлерге алғысын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Әкесі: Данияр менің ғана балам емес, халықтың баласы

АҚШ-та ауыр жарақат алған қазақстандық дзюдошы хал үстінде жатыр: Ағасы емге 270 миллион теңге қажет екенін айтты
