Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО салу туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Ресей үкіметі көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО құрылысы туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Wiki2

Премьер-министрдің баспасөз қызметі келісімге қол қойылғанын мәлімдеді. 

"Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр станцияларын салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды", – делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

"ИНТЕР РАО – Экспорт" ЖШҚ және "Самұрық-Энерго" АҚ өкілдік ететін ұйым боп анықталды.

"Үш облыс орталығы– Семейде, Көкшетауда және Өскеменде көмірдің қоры мол екенін ескере отырып, үш жаңа жылу электр станциясын іске асыру олардың одан әрі дамуына серпін береді", – деп атап өтті энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев.

Атап өткендей, "Самұрық-Энерго" АҚ атынан қазақстандық тараптың уәкілетті ұйымы 2024 жылы бірінші ЖЭО-ны іске асыруды бастау үшін тиісті жол картасын жасақтады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда үш жылу электр орталығын "Путиннің досына тиесілі" компания салатыны айтылды.

Талқылау