Қазақстан билігі жалғызбасты аналарға жәрдемақы беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды

Жексенбі, 21 Тамыз , 2016 11:01

Қазақстанда жалғыз басты аналарға жәрдемақы беріледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

20160820151101

«Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы мессенджерлер арқылы таратылған Қазақстанда жалғыз басты аналар үшін жәрдемақы енгізіледі, оны алу үшін құжаттарды 10-25 тамыз аралығында ХҚКО-ға тапсыруға болады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын хабарлайды. Мұндай хабарларды жіберу жалған ақпарат тарату болып табылатындығына және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жауапкершілікке тартылуға әкелетіндігіне назар аудартамыз», – делінген таратылған ақпаратта.

Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мәселен, 2005 жылдың 28 маусымындағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»  Заңға сәйкес баласы бар отбасыларға мынадай төлемдер беріледі:

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы; бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.

Жәрдемақылар мынадай мөлшерде белгіленеді:

бала туғанда берілетін жәрдемақы: бірінші балаға  5,76 (12217 теңге) айлық есептік көрсеткіш; екінші балаға  6,81 (14445) айлық есептік көрсеткіш; үшінші балаға  7,85 (16650) айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан кейінгі балаларға  8,90 (18877) айлық есептік көрсеткіш; балаларға арналған жәрдемақы  әрбір балаға 1,05 айлық есептік көрсеткіш; мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы  жалақының 1,05 ең төмен мөлшері.

Жіберіп алмаңыз:

Маңғыстау облысында жалғызбасты әке бес баласын өзі тәрбиелеп отыр

Шымкентте жалғызбасты ана 6 баласына мектеп құралдарын алып бере алмай отыр

Павлодарда 67 жастағы жалғызбасты әке төрт баласын өзі асырап отыр

Жалғызбасты әйелдерге алимент енді мемлекет есебінен төленуі мүмкін

Атырауда жалғызбасты ана бес баламен мешітті паналап отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар