Атырауда жалғызбасты ана бес баламен мешітті паналап отыр

Бейсенбі, 21 Сәуір , 2016 21:25

Жылға жуық Алланың үйін мекен етіп келген ол енді көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр. Өйткені, тұрып жатқан бөлмесін имамдар өз мақсатында пайдалану үшін келіншектен сыпайы түрде босатуды сұрапты. Ешқандай табыс көзі жоқ отбасы баспана кезегінде де тұр. Бірақ ол кезектің қашан жетері белгісіз,-деп жазады ктк арнасы.

қарағанды

Мешіттің жатақханасы – Шынаргүл Нұршаханова мен оның 5 баласының бір жылдан бергі мекені. Енді ол жерден де кетуге мәжбүр. Бірақ мешітке келген қайырымды жандардың садақасы мен мемлекеттен берілетін жәрдемақыға жан сақтап отырған ана мен балалардың басқа барар жері жоқ.

«Үйсіз қалғасын мешіттің имамы мені далада, көшеде қаңғып қалмасын деді ғой. Мешіт отырмын енді. Алдында айтты іштегі жігіттер шық, босат деп»,-дейді көпбалал ана Шынаргүл Нұршаханова.

Балалардың алды – 10 жаста, кішісі – 3-те. Екеуі қала сыртындағы мектеп-интернатта оқиды. Бірақ жағдайдың жоқтығынан сабақтан көп қалады. Ал мектеп жасына жетпегендері үйде. Дін жолында жүрген жолдасы аяқ асты өзгеріп, отбасынан тастап кеткен екен. Ақырында істі болып, сотталып шыққан. Тіпті туған ата-әжесінің де немерелерін көргісі жоқ. Шынаргүлден өзінің тума-туыстары да теріс айналған.

«Туыстарым бар, Жаңаөзенде, Ақтауда тұрады олар.Оларға барайын десем, олар да «кет-кет» деп қуады. Қазір өз күнін өзі көреді, ешкім ешкімді асырауға тиісті емес деп»,-дейді көпбалалы ана Шынаргүл Нұршаханова.

Өкінішке қарай, жергілікті биліктен де қайран болмай тұр. Баспана кезегіне тұрғанымен, қуанышты күннің қашан туары белгісіз.

«Шынаргүл Нұршаханова көпбалалы отбасы ретінде 2015 жылдың 27 қаңтарынан бастап тізімге тіркелген. Қазір реттік саны – 3824 болып тұрды. Тұрғын үй мәселесі кезегіне сәйкес қаралады. Мемлекеттік тұрғын үй қорында жатақханалардың да бәрі жекешелендірілгендіктен, бізде мүмкіндік болмай отыр»,- дейді Атырау қалалық тұрғын үй секторының бас маманы Кенжегүл Мұсағалиева

Абақтыдан жаңа шыққан жұбайы бес баласына алимент те төлемей қашып жүр. Бәрінен күдер үзген келіншек енді қайырымды жандардан ғана көмек күтіп отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар