Жалғызбасты әйелдерге алимент енді мемлекет есебінен төленуі мүмкін

Бейсенбі, 26 Мамыр , 2016 11:31

Елімізде күйеулерінен алиментін ала алмай жүрген келіншектерге бюджеттен жәрдемақы төленуі мүмкін. Жалғызбасты әйелдерге араша түскен депутаттар мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды. Ал бала-шағасын тастай қашқан безбүйрек әкелерден алиментті Үкіметтің өзі өндіріп, қазынадан алынған ақшаның орнын толтырмақ, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

48e0319f68d5f5a21640d0d40f99d9c0_XL-e1444289890780

Фото: mamaclub.kz

Халық қалаулыларының алаңдауы бекер емес. Себебі, соңғы жылдары ұл-қызынан безінген азаматтардың саны күрт артқан. Парламентке екі күннің бірінде жалғызбасты әйелдер жылап хат жазады екен. Өлместің күнін кешіп, депутаттардан көмек сұраған аналардың бірі – семейлік Лариса Жавронкова. Дәм-тұзы жараспай ажырасқан күйеуі шиеттей 9 баламен тастап кеткен. Енді 36 жастағы келіншек небары 60 мың теңге жәрдемақыға ұл-қызын жалғыз асырап отыр.

“Балалар бір күнде алты нан жейді. 65 теңге тұратын ең арзан нанды алғанның өзінде, 300 теңге жұмсаймыз. Әкелері алимент төлемейді. Өзім жұмысқа шығайын десем, кішкентайларды тастап кете алмаймын”, – дейді көпбалалы ана Лариса Жаворонкова.

Ұрпағынан безінген безбүйрек әкелер көбіне мекен-жайы мен жұмыс орнын жиі ауыстыруға әдеттеніп алған. Мәселен, Мұрат есімді ақтөбелік жігіттің борышы қазір 300 мың теңге. Қос құлыны үшін қарызын өтеп-ақ тастағысы келеді. Бірақ жұмыстан қысқарғалы алимент үшін бақыр тиын төлемеген. Енді сот орындаушыларынан қашып, ай сайын ұялы телефон нөмірін ауыстырып жүр. Бет-жүзін көрсетуден ұялатын өзі де бұдан әбден ығыр болған.

“Жұмыстан қысқарғанымызға жылдан асты. Қазір мүмкіндік жоқ. Мүмкіндік болса, балаңнан ақшаны аямайсың ғой. Мазалап тұрады. Телефон соғады. Хабарласады. Соттасын енді қайтем?” – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Мұрат.

Заң бойынша, Мұрат сынды жылдап алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады, тіпті түрмеге тоғытылады. Бірақ, мұндай қатал  жазадан аш отырған бала-шағаға еш пайда жоқ. Сондықтан, депутаттар жылдар бойы әкеден жәрдем күтіп әбден қажыған ұл-қыз бен жылап жүрген жалғызбасты келіншектерге Үкімет көмектессін деп отыр. Ол үшін мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды.

“Шетелдегідей мемлекеттік алимент қорын құрсақ, бюджет есебінен жалғыз қалған әйелдерге жәрдемақы төленеді, кейін мемлекет ол қаржыны күйеуінен өндіріп алады. Бұл Үкіметтің жәутеңдеген балаға деген көмегі болар еді”, – дейді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов.

Бірақ, баланы да ананы да жарылқайтын ұсыныстың Үкімет тарапынан қаншалықты қолдау табары белгісіз. Ал осы уақытта елімізде 445 мың отбасын жалғызбасты әйелдер асырап отыр. 21 мыңнан астам әкенің ұл-қызы алдындағы борышы бірнеше миллиардқа жеткен. Берешегін айғай-шусыз өз еркімен өтеуге көбісінің құлшынып отырғаны да шамалы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар