Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан балуандары “Евразия барысы” турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасы кеше, 1 желтоқсанда Алматыда өткен халықаралық “Евразия барысы” турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

photo_38653

Фото: vesti.kz

Қазақстандық балуандар финалда Моңғолия құрамасын 6:2 есебімен жеңді. Финалған дейін қазақ жігіттері Польша мен Грузия құрамасынан басым түсті. Турнир жеңімпаздары 10 млн теңгені қанжығаға байлады.

Екінші орын алған Моңғолия құрамасы 6 млн теңгемен марапатталды. Үшінші орын алған Грузия құрамасына 4 млн теңге табыс етілді.

“Евразия барысы” сайысында Қазақстан құрамасының намысын Марат Нығматуллаев, Ержан Мағауинов, Бақдәулет Сәбитов, Айдос Ғалымов, Дәулет Пахриденов, Айбол Айтбек, Мұхит Тұрсынов және Айбек Нұғымаров қорғады.

Оқи отырыңыз:

Гей-боксшы қарсыласынан нокаут алып қалды (видео)

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды

Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді

Талқылау