Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан АҚШ-та бұғатталған Ұлттық қор қаржысының 21,5 миллиард долларына қол жеткізді

Үкімет Ұлттық қордың шетелдік банкте бұғатталған қаржысын әлі толық қайтара алмай отыр. Әділет министрлігі қалған 530 миллион долларды шығару үшін енді ағылшын сотына арыз жазуға мәжбүр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақстан АҚШ-та бұғатталған Ұлттық қор қаржысының 21,5 миллиард долларына қол жеткізді

«Бельгия сотының шешімі шыққан соң бір тәулік ішінде ағылшын сотына арыз жазып үлгердік. Қажет құжаттарды алдын ала дайындап қойғанбыз. Ұлттық қорға қарасты  21 миллиардтан астам доллар бұғаттаудан босатылды. Бұл қаржы шығынға ұшыраған жоқ», – дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Бекетаевтың айтуынша, Ұлттық банк босатылған 21 миллиардтан астам долларды инвестиция ретінде еркін пайдалана алады. Екі күн бұрын Брюсель соты біздің Ұлттық қорға қарасты бұл қаржыны бұғаттаудан босатты. Ал қалған 530 миллион долларды ағылшын соты арқылы шығаруға болады деген шешім шығарған еді.

Естеріңізге салсақ, молдавиялық кәсіпкерлер Анатолий және Габриел Статилер 8 жылдан бері біздің үкіметпен соттасып жүр. Әкелі-балалы бизнесмендер бастапқыда Швеция соты арқылы елімізден 4 миллиард доллар сұраған. Олар Маңғыстау облысында газ өндіретін зауыт салуы тиіс болған. Алайда кәсіпкерлер кәсіпорынның құрылысын аяқтамапты. Қазақстан Статилердің алаяқтық жолмен ақша талап етіп жүргенін сотта  дәлелдеп те берген.

Дегенмен осы даудың кесірінен Ұлттық қордың Нью-Йорктегі Меллон банкінде жатқан 22 миллиард 600 миллион доллары бұғатталған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау