Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілді көрерменге ренжіген Азамат Сатыбалды бұдан былай орысша фильм түсіретінін айтты

Бүгінде Азамат Сатыбалдының киносүйер қауымға өкпесі қара қазандай. Оған өзіндік себепте бар. Өйткені, осы жылы өнер иесінің продюсерлігінен туындаған «Бір сен үшін» атты дебюттік картинасы табысы жағынан үмітті ақтамаған. Аталмыш картина жұмсалған қаржыны қайтарғанымен, түсірілім тобының қалтасын қалыңдата қоймаған көрінеді. Осы орайда Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген актер, қазақ тілді көрерменге деген іштегі өкпе-назын білдірді.

АЗАМАТ

– Азамат, ассалаумағалейкум! Кинопродюсер ретінде жарыққа шығарған дебюттік картинаның табысы көңіл қуантарлықтай болмаған екен. Жалпы, тұсаукесері еліміздің бірнеше шаһарында ұйымдастырылды. Алайда, «Бір сен үшін» фильмін тамалашалау үшін белсенділік танытқан аймақ пен аталмыш киноға селқос қараған қай қала? 

– Қостанай, Қарағанды, Астана, Орал, Алматы. Ал, қазақтар шоғырланған Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Атырау жоқ. Киноға бармайды. Оларға не үшін кино түсіремін? Егер киноға бармайтын болса. Маған мемлекет ақша беріп отырған жоқ. Мен өз ақшамды салып отырмын. Сол үшін мен қаражатты қайтарып, оның үстіне плюс табыс табуым керек. Ал, көрермен көрсе де, көрмесе де тек фильм шығара беретін мен «мұнайшы» емеспін, «магнат» емеспін.

2222

 – Білуімше жақында тағы бір жаңа жобаны жоспарлап отырсыздар. Менің түсінгенім, Азамат Сатыбалдының продюсерлігінен туындайтын келесі картинасы қазақ тілді көрермен үшін емес қой?

– Әрине, міндетті түрде келесі киноны орысша түсіремін. Маған ренжісе де, ренжімесе де орысша түсіремін. Себебі орысша тәрбиеленген халық киноға барады. Ал, таза қазақтар киноға бармайды. Олар тек қана ауызбен ғана сөйлейді, одан кейін ютубтан қарап отырады. Оларға артық ақша бергісі келмейді. Өте өкінішті. Олардың кесірінен бізде кино дамымайды. Бізде неге орыс тілді халық басым? Себебі олар мәдениетпен қамтылған. Ал, таза қазақи адамдар өте жалқау. Отырады үйде. Оларға тек қана алдына әкеліп беру керек. Аузына тамақты салу керек. Тек шайнап беру керек…

АЗАМММ

– «Бір сен үшін» фильмінің желісі «суррогат ана» жайлы болған еді. Алайда, қазақ тілді көрерменнен көңіліңіз қалғанымен, көкейдегі өзекті тақырыптарды киноэкран арқылы көрсетуді жалғастыра бересіз ғой?

– Келесі картинада да өте өзекті тақырып қозғалады. Қазір сценарий Лос-Анджелесте орыс тілінде жазылып жатыр. Сол жақтағы кино академияда оқып жатқан біздің қазақтың жігіттері. Идея менікі болғаннан кейін мен оларға барынша түсінікті қылып жеткіздім. Сценарийдің алғашқы беттерін оқыдым, өте күшті. Менің өз басым көп нәрсені қабылдай бермейтін, көп нәрсеге таңқала бермейтін адаммын. Маған өте қатты ұнады.

– Алғашқы картинаға Ардақ Төлеубай режиссерлық еткен болатын. Ал, бұл жолы кімді таңдадыңыз?

– Бұл жолы картина режиссеры Айдын Сахаман. Мен Айдынмен театрда жұмыс жасадым. Оны өзіңіз көрдіңіз, театрға спектакль қойдық. Айдынмен біраз киноларда жұмыс істегенмін. Ол біздің ең тамаша киномыз «Қара шаңырақ». Айдын өзі ізденісте жүрген режиссер. Әр тақырыпқа ерекше, астарлы қарайды. Өзінің ойы бар.

АЗААА

– Азамат Сатыбалды продюсерлік ететін кезекті картинада кімдер ойнайды? Осы орайда актерлық құрамға тоқталсақ…

– Актерлық құрамда мен міндетті түрде бармын. Дәл қазіргі таңда Қарлығаш Мұхамеджановамен  келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ол басты рөлдегі қызды сомдайды. Бұл кинода актерлар көп емес. Барлығы 5-6 актер болады. Бір ғана ғимаратта өтеді. Фильм «Қас қағым» деп аталады. Драма-триллер жанрын таңдадық. Құдай қаласа, түсірілім жұмыстары осы жылы қазан айының аяғында басталады деп жоспарлап отырмыз.

– Шынайы сұхбатыңызға рахмет! Кезекті картинаңыз кассаны қаржыға толтыратын кино туындылардың тізімін толықтырсын.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Керімбекова: Қазақ қыздарының жылағанын қаламаймын

Нұрлан Еспанов Қайрат Нұртастың жұбайына ағалық кеңесін айтты

Ақбота Сейітмағамбет Баян Мақсатқызынан қорқып жүргенін айтты

Қытайлықпен дуэт айтқан Димаш ән байқауында оған 1-орын алып берді (видео)

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты (фото)

Талқылау