Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Еспанов Қайрат Нұртастың жұбайына ағалық кеңесін айтты

Қашанда аузын ашса, жүрегі көрінетін Нұрлан Еспанов бұл жолы Қайрат Нұртастың отбасы жайында ашық әңгімеледі. Еспанов алдағы айда көрерменге жол тартатын Қайраттың киносы туралы айтып, алғаш рет өнерге қадам басқан Жұлдызға ағалық ақ тілегін жеткізді.

нурлан жулдыз 120917

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Қайраттың бірінші киносына өзім атсалысып, түскен де болатынмын. Ринат саундтрек айтқан болатын, соны да өзім жазып берген едім. Қайрат түсірген дүниенің бәрі жақсы шығады. Қайратты ел сүйеді, жастар сүйеді. Әндерінің бәрі хит. Сол себепті Қайратқа тек қана сәттілік тілеймін. Өзім сенімдімін, өзімнің атымнан Қайраттың киносының тұсаукесері жақсы өтеді деп айта аламын”, – дейді Еспанов.

Өнер иесінің айтуынша, қызыл кілемнің үстімен жүріп үйреніп қалған Гүлзира Айдарбекова келініне қажетті дүниенің бәрін өзі үйретеді.

“Қайрат сүрінбей өз жолын тауып келе жатқан азамат. Келіншегіне өзі түсіндіріп айтады, үйретеді. Келіншегі менің келінім ғой.

Жұлдыз, ешқандай мойыма, бастысы қорықпа. Өмір алда. Жалпы түсу керек, көріну керек. Өнерге келгеннен кейін адам тұлға болу керек. Тұлға болуға тырыса бер, бағытың дұрыс болсын. Қайрат екеуің бақытты болыңдар!” – деп ақ тілегін жеткізді танымал композитор.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет Баян Мақсатқызынан қорқып жүргенін айтты

Динара Сұлтан: Күйеуіме көз тиеді деп жасырып келдім

Қайын жұрт пен төркін: Жазира Байырбекованың екі елді салыстыруы жұрттың көзіне жас келтірді

Желіде Қайраттың жары Жұлдыздың эксклюзивті суреттері пайда болды (фото, видео)

Талқылау