Қазақ қызы әлемдік Құран жарысында екінші айналымға өтті

Жұма, 18 Қараша , 2016 22:40

Қазақстандық Гүлзар Тұрғанжан Дубай қаласында өтіп жатқан халықаралық сайыста Қазақстанның намысын қорғап жатыр.

maxresdefault

Бұл туралы ihsan.kz хабарлайды.

Қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде қыздар арасында алғаш рет халықаралық деңгейде қасиетті Құран хафиздарының жарысы өтуде. Дубай қаласына Алланың кәламын  бастан-аяқ жаттаған әлемнің 74 мемлекетінен  нәзік жандар жиналды.  Қазақстан атынан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2-курс студенті Гүлзар Тұрғанжан да еліміздің намысын қорғауда. Іріктеуден мүдірмей өткен Гүлзар екінші турда да бақ сынады. Күніне 7 қыздан сынға түскен қыздардың Қасиетті Құранды жатқа білуі, тәжуид қырағаты жан-жақты таразылануда.

Біз де елден жырақта қасиетті Құранды жадына жаттап, жүрегіне  сақтаған  студентімізге  сәттілік тілейміз. Қарашаның 6-да басталған халықаралық бәйге жеңімпаздары ертең, қасиетті жұмада белгілі болмақ. Гүлзар Тұрғанжан өткен мамыр айында «Нұр-Мүбарак» университетінде  елімізде өткен тұңғыш қыздар арасындағы Республикалық Құран қариларының жарысында жүлделі орынға ие болғанын еске сала кетейік.


Жіберіп алмаңыз:

Неге қымбат? Қазақстанда Құран кітап 90 млн теңгеге сатылып жатыр

Қайрат Нұртас: Мен балгерлерге сенбеймін, тек Құранмен дем салдырып тұрам

Құран оқитын қалам: сандық технологиялардың құлшылық атқаруда көмегі қандай

Құран адам миының құпияларын ашты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
18 күні 15 сағат кері

Алла тагалам колдасын.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар