Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайыршы өзінің адал ісінің арқасында үй алды (фото)

Өз ұстанымдарына адал адамдар қандай жағдай болса да олардан бас тартпайды. Тайландтың 44 жастағы Варалоп есімді азаматы дәл осындай адам болып шықты. Ол метро станциясында қымбат әминды тауып алған. Оны өзіне алып қалуды ұят көріп бірден иесін іздеген.

16796365-collage-1472462834-650-616bb9453f-1472468928

Бұл туралы “Аdme.ru” басылымы хабарлайды.

Әмиянның ішінде 20 000 бат болған екен. Ол шамамен – 580 $. Ал әмиянды тауып алған азаматтың қалтасында тиын да болмаған көрінеді. Варалоп тауып алған ақшаны өз керегіне жұмсамастан, полиция бөлімшесіне апарған. Кейін әмиянның иесі 30 жастағы Ниити Понгкрайньос болып шыққан. Оның өзіне тиесілі фабрикасы бар екен. Бай азамат Варалоптың бұл адалдығына қайран қалады.

image

“Егер мен оның орнында болсам, бұл әмиянды қайтармайтын едім”, – дейді ол. Ниити Варалопқа алғыс ретінде ақша ұсынбақ болған. Артынша райынан қайтып, оған өзінің фабрикасынан жұмыс орнын ұсынады. Тіпті, пәтер сыйлайды. Енді Варалоп айына 11 000 бат (317 $) көлемінде жалақы алады.

16796315-ad_217113595-1472463675-650-616bb9453f-1472468928

“Өмірімді өзгертуге мүмкіндік бергендері үшін алғысым шексіз. Енді менің жатып ұйықтауға болатын таза төсегім бар. Сондай бақыттымын”, – дейді Варалоп.


Жіберіп алмаңыз:

Анасы: Жанар өзі аш қалса да, бар ақшасын қайыршыларға беретін

АҚШ-та жүрген Диас Аблаев iPad ұстаған қайыршыларды көріп таң қалған

Алматыда мүгедек жігіт өзін бөтен адамдардың құлдықта ұстап қайыршы еткенін айтты

Қытайда қайыршы қоқыс арасынан тауып алған сәбиді асырап, сол үшін өмір сүруде (фото)

Талқылау